Атаның, әуелінде, белінде етттің,
Екінш, ана қарны теңінде еттің.
Тоғыз ай, тоғыз сағат, тоғыз күндей,
Қадірлеп құдіретіңмен, шегінде еттің.
Бұрыннан қамқоршылық қылып бізге,
Ананы, ақ сүт беріп желінді еттің.
Тудырып сау-саламат, талпындырып,
Емшекті, іңгәлатып, тебінді еттің.
Алты айда от басына отырғызып,
Жан-жаққа күл шаштырып, төгінді еттің.
Жүргізіп жыл толған соң апыл-тапыл,
Бойымды бұрынғыдан жеңілдеттің.
Сөйлетіп, екі жаста, оны-мұны,
Тірліктің, тілім, түрлі кебінде еттің.
Жеткенше жеті жасқа, қысы-жазы
Қойны мен ата- ананың жеңінде еттің.
Секіртіп, сегіз жасқа келгеннен соң,
Айтақыр, ойнамақтың жерінде еттің.
Асқан соң оннан бері, ақыл беріп,
Дүниенің айласы мен ебін де еттің.
Жиырмаға жеткеннен соң, желіктіріп,
Қатар мен қыз-қырқынның шенінде еттің.
Затыңды- бір бүлдіріп, досыңды-шын,
Өзімді әһілисламның елінде еттің.
Отызда, өз алдыма от жақтырып,
Кейпімді жұрт көруге келімді еттің.
Ұл-қызға, көп ұзатпай, ата қылып,
Қой, түйе, сиыр, жылқы желімде еттің
Бойыма ақындықты үйір қылып,
Атымды алты алашқа мәлімді еттің.
Тоқталмай топ ішінде жыр толғауға
Ой көзін өз теңімнен өнімді еттің.
Мың шүкір, осы еткен мәртебеңе,
Енді тап, ойнақшыған емін дерттің!
Байқайтын болса, бектер, сөздің парқын,
Демеймін: «Құр далаға терім кеттің!»
ТуТ щодо Турмагамбета Ізтілеулова
Ізтілеуов Турмагамбет (9 липня 1882 — 15 травня 1939) — казахско-радянський поет, акин, жирау, перекладач......
В 1936-1937 роках - працював в Комісаріаті народної освіти Казахської РСР (зпрошений був керівництвом республіки задля перекладу легендарної книжки Фірдоусі). Арештований в 1937 році. Через два роки загинув в катівнях НКВД......
клацайте ..... перекладайте
ТуТ добірка віршів Турмагамбета Ізтілеулова
Наразі, представляємо кілька поезій народного акина Турмагамбет Ізтлеуова:
* Шөлмек.
* Сыр бойы.
* Шәкірттерге.
* Шынақ –табақ.
* Балаларым.
* Төрт дос.
* "Кейінгіге нені тастап кетемін" деп.
* «Бар» мен «Жоқ», «Ал» менен «Бер».
* Іні.
* Адамдық іс.
* Арқаның аруы не қозбайтұғын.
* Арқаның аруы не, қозбайтұғын.
* Атақ.
* Ақжібек.
* Жер бетін жеті қабат зұламат басты.
* Жолдас.
* Жыл келді.
* Күн шықса.
* Мінез.
* Мақта.
* Назым.
* Насыбай.
* Не қызық?.
* Ой.
* Оқ.
* Сөздері Лениннің - шырын еді.
* Туғызып қой үстіне бозторғайды.
* Түс.
* Шылым.
* Қадамың құтты болсын, кеңес аға.
* Өмір.
* Өмір өткелдері.
* Төрт дос.
клацайте ... і читайте