Арықтың жиегіне жатқан қонып
Ауылға, большевик келді қонақ болып.
Түркстан темекісін тартты-дағы,
Сөйледі жайлым қырды көзбен шолып:
- Қырларың неткен көркем, байлық бөккен,
Жерлерің құнарлы екен, балын төккен!
Мақта ексе, қандай пайда болар еді,
Күндерің күлімдейді, нұрын сепкен!
Өткізіп қысқы түнді, қысқа күнді,
Мақтаны кеңес қылдық түрлі-түрлі.
Сіресіп жатқан қарға қараған жан -
Қар емес, қалың мақта көріп жүрді.
Ниетті біз ойлаған бай да сөзді,
Паңданып бәйбішедей айтты сөзді:
«Қырыңа, сорлы кедей, екпе мақта,
Бақыт жоқ, бола алмайды. Еңбек - езгі».
Ақырып, кәрі болыс бурыл тартқан,
Қорқытып сөздер айтты неше батпан:
- Мақта егіп, егіндіктен айрылсаңдар,
Не жейсің, ұзақ қыста келе жатқан?
Күңіреніп, қу түлкідей дүмше молда,
Құраннан сүре оқып: «Құлқу алла».
«Топырағы жеріміздің жұмақтікі,
Бұл жерге мақта егуді қоспайды алла».
Байлардың қымызына тойып алып,
Шекеге тақияны қойып алып,
Молда мен байдың сөзін екі қылмай,
Сөйледі атқамінер топты жарып.
Жадырап, жаз бөледі жерді нұрға,
Жол ашық, отырмадық бекер-құрға.
Сезікті, хауіптерді былай қойып,
Әкеліп ақ мақтаны ектік қырға.
Уа, неткен, қызық болды, осы бір жыл!
Мақтаның көгеруін жұрт күтіп жүр.
Тұрса - ойда, жатса - түсте көрінеді,
Даланы үлбіреген басқаны гүл.
Лүпілдеп, қуанышты күтті, жүрек,
«Нұр төк, - деп, - жерімізге!» - күннен тілеп.
Уысын кедейлердің толтырса игі,
Аққудың мамығындай мақта үлбіреп.
«Бұл мақта!» - дедік сонда, көңіл тасып,
«Бұл - мақта, - дедік, - тұрған қойнын ашып!»
Көсілген қырда қысқы қардай болып,
Ақ мақта үлпілдеген жатыр басып.
Қуаныш - көңілді ашты жанған шамдай,
Ұлғайып, мерей өсті, қайғы қалмай.
Шаттықтың сол кездегі күш-қуаты -
Секілді ед түнді жарып атқан таңдай.
Бекіндік бойымызға қайрат кіріп,
Марқайдық, масаттандық, жайнап күліп!
Жеркеніш тап жауына лағынет айттық,
Азғырған бізді қыстай, иттей үріп.
Қайдасың, молда мен бай, қарнын көрген?
Өмірге сендер мазақ болып өлген.
Тұрмыстың сықағына шыдай алмай,
Жыландай сүйретіліп шықтың елден.
Сендерсіз орнатамыз қолдан бақыт,
Мақтаны өлеңдетіп, сұңқылдатып!
Ақ қардай үлпілдеген біздің мақта
Болады: бізге - бақыт, саған - табыт.
ТуТ щодо Турмагамбета Ізтілеулова
Ізтілеуов Турмагамбет (9 липня 1882 — 15 травня 1939) — казахско-радянський поет, акин, жирау, перекладач......
В 1936-1937 роках - працював в Комісаріаті народної освіти Казахської РСР (зпрошений був керівництвом республіки задля перекладу легендарної книжки Фірдоусі). Арештований в 1937 році. Через два роки загинув в катівнях НКВД......
клацайте ..... перекладайте
ТуТ добірка віршів Турмагамбета Ізтілеулова
Наразі, представляємо кілька поезій народного акина Турмагамбет Ізтлеуова:
* Шөлмек.
* Сыр бойы.
* Шәкірттерге.
* Шынақ –табақ.
* Балаларым.
* Төрт дос.
* "Кейінгіге нені тастап кетемін" деп.
* «Бар» мен «Жоқ», «Ал» менен «Бер».
* Іні.
* Адамдық іс.
* Арқаның аруы не қозбайтұғын.
* Арқаның аруы не, қозбайтұғын.
* Атақ.
* Ақжібек.
* Жер бетін жеті қабат зұламат басты.
* Жолдас.
* Жыл келді.
* Күн шықса.
* Мінез.
* Мақта.
* Назым.
* Насыбай.
* Не қызық?.
* Ой.
* Оқ.
* Сөздері Лениннің - шырын еді.
* Туғызып қой үстіне бозторғайды.
* Түс.
* Шылым.
* Қадамың құтты болсын, кеңес аға.
* Өмір.
* Төрт дос.
клацайте ... і читайте