Дүниеге келгендерге мирас өлмек,
Өлген соң, екі бастан, жоқ қой келмек.
Соны ойлап өз-өзімнен қайнап, тасып,
Қиялым көкірегімді кетті кернеп!
«Кейінге нені тастап кетемін?» деп
Ішкенім у сияқты болды кермек.
Жиырманың отыз бенен ортасында,
Сұлулап сияқты адам салған өрнек.
Ешнәрсе ол уақытта ойлатпайды,
Теңіздің толқынындай тасқан өрлеп.
Елу жас ердің мінсе еңсесіне -
Күннен-күн кемиді екен күй мен өрнек.
Өз жасым онан-дағы озыңқырап,
Алпысты алдымдағы қалдым серлеп.
«Қалай да қапы етіп кетем бе деп?» деп,
Кітабын «Шахнаманың» еттім ермек.
Өлеңмен он бір буын он ай жазып,
Бітірдім басым сипап, шаршап, терлеп.
Доғардым: «Тартуым, - деп, - партияға!»
Аттай-ақ аң құтқармас қойған ерлеп.
Ұнатып комиссия қолын қойды,
Сынауға бергенімде: «Оқып көр» деп.
Тексеріп, тәртіппенен төрт том етіп,
«Казиздат» баспақ еді оқа, зерлеп.
Үкімет ескеріп ол еңбегімді,
Пенсия бұйырып ед: «Бұған бер» деп.
«Айына бес жүз сомнан аласың» деп,
Қолыма қаулы жазып, берді мөрлеп.
Оларым ойнындай боп балалардың,
Отырмын осылайша босқа шерлеп.
ТуТ щодо Турмагамбета Ізтілеулова
Ізтілеуов Турмагамбет (9 липня 1882 — 15 травня 1939) — казахско-радянський поет, акин, жирау, перекладач......
В 1936-1937 роках - працював в Комісаріаті народної освіти Казахської РСР (зпрошений був керівництвом республіки задля перекладу легендарної книжки Фірдоусі). Арештований в 1937 році. Через два роки загинув в катівнях НКВД......
клацайте ..... перекладайте
ТуТ добірка віршів Турмагамбета Ізтілеулова
Наразі, представляємо кілька поезій народного акина Турмагамбет Ізтлеуова:
* Шөлмек.
* Сыр бойы.
* Шәкірттерге.
* Шынақ –табақ.
* Балаларым.
* Төрт дос.
* "Кейінгіге нені тастап кетемін" деп.
* «Бар» мен «Жоқ», «Ал» менен «Бер».
* Іні.
* Адамдық іс.
* Арқаның аруы не қозбайтұғын.
* Арқаның аруы не, қозбайтұғын.
* Атақ.
* Ақжібек.
* Жер бетін жеті қабат зұламат басты.
* Жолдас.
* Жыл келді.
* Күн шықса.
* Мінез.
* Мақта.
* Назым.
* Насыбай.
* Не қызық?.
* Ой.
* Оқ.
* Сөздері Лениннің - шырын еді.
* Туғызып қой үстіне бозторғайды.
* Түс.
* Шылым.
* Қадамың құтты болсын, кеңес аға.
* Өмір.
* Төрт дос.