Бейтаныс кісілер көшеде:
- Атаңның аты кім? -десе де,
- Апаңның аты кім? - десе де,
Нұралы: - Қазақ! - деп, Күлімдеп тұрады.
Қылығы қап-қара көзі ұнап,
Сүйкімді мінезі, сөзі ұнап:
- Ал жасың нешеде? - десе ме?...
Нұралы: - Аз-ақ! -деп Күлімдеп тұрады.