(Сырдың саңлақ шайырлары - өрен жүйрік он тоғызға)
Кем ойлыдан - көп тыңдарлық
Сөз шықпайды үлгілі.
Бәріміз де бисымақ,
Отбасының білгірі.
Іздеген зорға тапқандай.
Шамшырақтай шығанда,
Әр елдің бар бұлбұлы.
Ақырланған айдай боп,
Бәрі де жоқ боп жайынан,
Білінбей қалды бұл күні.
Өрен жүйрік солар ед,
Шаршыдан шапса, сурылып,
Шұбатылмайтын шылыры.
Аты бар да, заты жоқ.
Есіл, марқұм ерлердің.
Деп айтуға: «бұл- бірі!»
Сонда-дагы сипаттап,
Аттарын айтып берейін,
Дер екен: «Бекер», кім мұны.
Аяған қожа мысалы:
Қорабалы сабадай.
Сәһәр тұрып піскенде,
Көп жерге кететін гүмбірі.
Қыпшақтан шыққан Бұдабай-
Хан ұрдырған қоңыраудай,
Оятқан көпті гүлдірі.
Сарыбай- Сәдір, Әзілкеш,
Және- дағы би Бекіш-
Айлықты алатын бір күнде,
Шер құданың дүлдүлі.
Ешнияз бен Толыбай-
Кемені тартар күндіктен,
Әртурлі нәһан жай қылған
Құрдымның қара шүңгілі.
Қаратамыр ол Оңғар,
Ақмарал, бұғы Һәм арқар
Қоныстаған қысы-жаз,
Асқар таудың үңгірі.
Сүйіндік пен Сүйкімбай-
Сүйекті суша білмейтін
Өткір найза секілді
Ағылский ұңғылы.
Балқы Базар- білгенге,
Атақты әйдік астана,
Жұмыла жұртты жинап ап
Жырласа бітпес күн-түні.
Қарасақал Ерімбет-
Құтқармас құсты бедеудей;
Шабысына шаң ермес,
Ат шаптыратын бүлкілі.
Нұрымбетсары Шегебай-
Шайырлықтың бабында,
Жан жүре алмас жынысынан
Сай секілді түлкілі.
Абақан Кете Аманжол-
Кәделі аста, күні бұрын
Арнап сауын айттырар
Белгілі бай-дұр жылқылы.
Есенжол, Жүсіп, Жиенбай-
Жүйріктері заманның;
Отарбадай әр жерден
Көрінетін бір-ақ бұрқылы!
Омар мен Нұржан- шабандоз.
Өтіп кеткен ертеде,
Кететұғын құтылып
Қамаса да қырық ұры.
Озат айтқыр- осылар,
Сөздері шипа сырқауға;
Жеңіл-желпі жерлерде
Кім таппайды күлкіні.
Өлең жазып, сөз теріп,
Солардың болсақ біз бірі.
ТуТ щодо Турмагамбета Ізтілеулова
Ізтілеуов Турмагамбет (9 липня 1882 — 15 травня 1939) — казахско-радянський поет, акин, жирау, перекладач......
В 1936-1937 роках - працював в Комісаріаті народної освіти Казахської РСР (зпрошений був керівництвом республіки задля перекладу легендарної книжки Фірдоусі). Арештований в 1937 році. Через два роки загинув в катівнях НКВД......
клацайте ..... перекладайте
ТуТ добірка віршів Турмагамбета Ізтілеулова
Наразі, представляємо кілька поезій народного акина Турмагамбет Ізтлеуова:
* Шөлмек.
* Сыр бойы.
* Шәкірттерге.
* Шынақ –табақ.
* Балаларым.
* Төрт дос.
* "Кейінгіге нені тастап кетемін" деп.
* «Бар» мен «Жоқ», «Ал» менен «Бер».
* Іні.
* Адамдық іс.
* Арқаның аруы не қозбайтұғын.
* Арқаның аруы не, қозбайтұғын.
* Атақ.
* Ақжібек.
* Жер бетін жеті қабат зұламат басты.
* Жолдас.
* Жыл келді.
* Күн шықса.
* Мінез.
* Мақта.
* Назым.
* Насыбай.
* Не қызық?.
* Ой.
* Оқ.
* Сөздері Лениннің - шырын еді.
* Туғызып қой үстіне бозторғайды.
* Түс.
* Шылым.
* Қадамың құтты болсын, кеңес аға.
* Әр елдің бар бұлбұлы.
* Өмір.
* Төрт дос.
клацайте ... і читайте