Жасымнан назым сөзге шебер едім,
«Өсзімнен шебер кім?» - деп кебер едім.
Әртүрлі хикая мен дастандардың
Ширатқан шым жібектен көгені едім.
Тай түгіл, түйе етіне тоймайтұғын,
Шахналық шаммен қайнар шөген едім,
Ат-есмім - Тұрмағамбет, асылым - Алшын,
Баласы Байсарының Шөмен едім.
Байтақтан басып озып бәйге алуға,
Көңілдің кер бедеуін төбеледім.
Қас тұтып қатарыма келгендерді,
Асаудай ұсталмаған тебер едім.
Дәулетін көргеннің күндейтұғын,
Тар көңіл тамам жаннан төмен едім.
Түбінен дарияның дүрлер теріп,
Алдына аға-інінің төгер едім.
Жай қылған жабықтырмай жанның көңілін,
Өзімді Атымтайға теңер едім.
Мәз болып марапатқа, мас бурадай
Күркілдеп көрінгенге шөгер едім.
«Қылдың, - деп, - шыдамсыздық», - шытса қабақ,
Сөзбенен олпы-солпы сөгер едім.
Кеудемді көк пауеске күйме қылып,
Ат қылып көңілімді жегер едім.
Ұятқа тым орасан ұшырасам,
Қасірет соң жағынан шегер едім.
Балалық бәріңе де дегізеді:
«Жайқұнды жалғыз өзім бөгер едім!»
Бұрынғы бұл уақытта бу басылып,
«Отыр» деп өзімді өзім шегеледім...
Қаһарынан қорықпайтын қожайынның,
Бос жүрген салдыр қағып вагон едім.
Көңілдіңшама келсе шағатына
Суынан сабыр, тағат себер едім.
Сынығы сирағымның бітсе дұрыс,
Аяқты енді ойларлық ес кірмесе,
Наданға нан танымас немере едім.
Сөзіне ешбір жанның салмай құлақ,
Балаша бармағымды емер едім.
Орасан өткен күнгі істерімді,
Тексерсе біреу келіп, не дер едім?
Тентекке түстен кейін ес енгендей,
Бас изеп айтқаныма: «Е», - дер едім.
Кірмесе көңіліме хақтың ісі,
Өлімді ойламайтын емен едім.
«Жеттім, - деп, - арманыма!» - шүкір қылып,
«Көріңдер» деп, көпке бой керер едім.
Мәртебе бұл сияқты сыйлау қылса,
Ерлерге ел еркесі ерер едім.
Арманым айтқанымдай орындалса,
Жүдеген жоқ-жұқаны жебер едім.
Еш болмас, еншалла, осы үмітім,
Арқарлы асқар таудың кемері едім.
Сөзімнің оғашына: «уай!» демеңдер,
Құр жүрген көптен бері көбең едім.
ТуТ щодо Турмагамбета Ізтілеулова
Ізтілеуов Турмагамбет (9 липня 1882 — 15 травня 1939) — казахско-радянський поет, акин, жирау, перекладач......
В 1936-1937 роках - працював в Комісаріаті народної освіти Казахської РСР (зпрошений був керівництвом республіки задля перекладу легендарної книжки Фірдоусі). Арештований в 1937 році. Через два роки загинув в катівнях НКВД......
клацайте ..... перекладайте
ТуТ добірка віршів Турмагамбета Ізтілеулова
Наразі, представляємо кілька поезій народного акина Турмагамбет Ізтлеуова:
* Шөлмек.
* Сыр бойы.
* Шәкірттерге.
* Шынақ –табақ.
* Балаларым.
* Төрт дос.
* "Кейінгіге нені тастап кетемін" деп.
* «Бар» мен «Жоқ», «Ал» менен «Бер».
* Іні.
* Адамдық іс.
* Арқаның аруы не қозбайтұғын.
* Арқаның аруы не, қозбайтұғын.
* Атақ.
* Ақжібек.
* Жер бетін жеті қабат зұламат басты.
* Жолдас.
* Жыл келді.
* Күн шықса.
* Мінез.
* Мақта.
* Назым.
* Насыбай.
* Не қызық?.
* Ой.
* Оқ.
* Сөздері Лениннің - шырын еді.
* Туғызып қой үстіне бозторғайды.
* Түс.
* Шылым.
* Қадамың құтты болсын, кеңес аға.
* Өмір.
* Төрт дос.
клацайте ... і читайте