1. Жазбаша аударма

Егер сізге жазбаша аударма керек болса, біздің аудармашылық бюромыздың көмегіне жүгінгеніңіз жөн. Біздің мамандардың көңіліңізден шығары даусыз: біз кез келген тақырыпта әр алуан аударма тілдерімен жұмыс істейміз, сондай-ақ біз штатқа даярлығы ең жоғары, кәсіби аудармашыларды ғана аламыз. Жазбаша аудармаға тапсырыс беру үшін не істеу керектігін айтып берейік.1. Біз аударатын мәтіннің түпнұсқасын беріңіз. Біз оны электронды поштамен де, басылған күйде кеңседе де қабылдай аламыз.

2. Біз аударма құнын есептейміз, бұл ретте мәтіннің тақырыбы мен күрделілігі, беттерінің саны, қандай да бір сарапшылар қажет болу-болмауы (мәселен, күрделі терминология саласында), аудармашыларды жұмысқа жұмылдыру үшін сіздің аудармаңызды қай мерзімге дейін жасауымыз керектігі маңызды болады.

3. Егер сіз келіссеңіз, біз аударма шарты мен қызметтерді тапсыру-қабылдау актісін рәсімдейміз. Шартта біз тапсырыстың барлық мән-жайын нақтылаймыз, ал оны шынымен бірнеше минутта рәсімдейміз. Егер сіз бізбен интернет арқылы жұмыс істеп отырсаңыз, біз сізге құжаттарды қол қоюға бірден жолдаймыз, ал кеңседе бірден қол қоюға береміз. Бұның мәнісі мынада: бізде шарттардың барлық үлгілері бар, ең бастысы — керек кесектерден мәтін құрастыру деуге болады. Ал егер сіз оны рәсімдеуді қажет деп таппасаңыз, шартсыз да жұмыс істей аламыз.

Аударманың құны ұнамағандықтан, сіз келіспесеңіз, біз мәтінді бәрібір аударып, сізден ақша талап етеді екен деп қорқпауыңызға болады. Біз келісімге келмейінше, жұмыс басталмайтын болады.

4. Сіздің мәтініңіз бірегей нөмір алады — оны есте ұстаған дұрыс. Неге? Егер сіз бізге қоңырау шалып, айталық, аударманың жай-күйін білмек болсаңыз, аудармамен тікелей айналыспайтын менеджердің өзі «бізде Леонила Мавальскаяның өлеңдер кітапшасы» деген аудармаға қарағанда, жеті жүз елу екінші аударма жөнінде әлдеқайда жақсы кеңес береді.

5. Сіз ең бастан-ақ аударманы рәсімдеу сияқты тармақ бойынша өз талаптарыңызды көрсете аласыз. Ал егер сіз оны біздің білгенімізге қалтырсаңыз, онда біз аударманы Microsoft Office Word классикалық мәтіндік редакторымен рәсімдейміз.

5.1. Әуелі аудармашы түпнұсқаны оқып шығуы керек. Егер мәтінде күрделі терминдер (мысалы, бұл – техникалық немесе медициналық аударма) болса, глосарий құрады. Глосарий – нақты мәтінмен жұмыс істеу барысында қолданылуы тиіс өзіндік шағын сөздік. Егер аудармашы осы сөздердің барлығын мамандандырылған сөздіктерден өзі таба алмаса немесе сөздіктегі аударманың дәлдігіне сенімсіз болса, ол сарапшы-маманның кеңесіне жүгінеді. Терминдер аса көп болмаса да, әрмен қарай оны қалай аударуды түсіне отырып, оның мән-мағынасы мен логикасын ұғыну үшін кез келген жағдайда мәтін оқылуы керек.

5.2. Аударманың «шимай жазбасымен» жұмыс басталады, онда қателер мен дәлсіздіктердің болуы аса маңызды емес. Одан кейін аудармашы тұпнұсқа мен шимай жазбаны салыстыра әрі түзете отырып, қайтадан мұқият қатар оқып шығады. Бірде-бір дәлсіздік біздің назарымыздан тыс қалмайды, себебі мәтінді аудармашының өзінің қарап шығуымен іс бітпейді!

6. Біз аударманың редакциясын жасаймыз, содан кейін дайын аударманы сізге жолдаймыз. Осылайша сіз кем дегенде аудармашы мен редактор, ал көбінде – бүкіл команда жұмыс істеген таза мінсіз мәтін аласыз!

Біздің аударма бюромыздың көмегіне жүгініңіз жазбаша аудармаға дәл бізге тапсырыс бергеніңізге өкінбейтін болсыз!

Minfociv аударма агенттігі, біз Украинаның барлық қалаларында minfociv@gmail.com электрондық поштасы арқылы онлайн тапсырыстарды қабылдаймыз