Дұға (М. Ю. Лермонтовтан)

Өмірде ойға түсіп кем-кетігің, 
Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің.
Сонда сенің отыңды басатұғын,
Осы өлең - оқитұғын дұғам менің.
Ішінде бір қуаты барға ұқсайды,
Тірі сөздің жаны - сол, айрылмайды.
Қасиетті нәфәсі¹ желдей есіп,
Қайнап тұрған ыстық қан салқындайды.
Жаныңның ауыр жүгі жеңілгендей,
Көңілден кернеген кек кемігендей -
Болады жылауға да, сенуге де,
Жүректің басынан у төгілгендей.
Comments