Өлеңдер‎ > ‎

Интернатта оқып жүр

Интернатта оқып жүр

Талай қазақ баласы — 

Жаңа өспірім, көкөрім, 

Бейне қолдың саласы. 

Балам закон білді деп, 

Қуанар ата-анасы,  

Ойында жоқ олардың 

Шариғатқа шаласы.

Орыс тілі, жазуы —

Білсем деген таласы. 

Прошение жазуға 

Тырысар келсе шамасы. 

Ынсапсызға не керек 

Істің ақ пен қарасы.

Нан таппаймыз демейді, 

Бүлінсе елдің арасы. 

Еждићатсыз, михнатсыз 

Табылмас ғылым сарасы. 

Аз білгенін көпсінсе,  

Көп қазаққа епсінсе, 

Кімге тиер панасы? 

Орыс теріс айтпайды 

Жаман бол деп оларды,

Қаны бұзық өзі ойлар

Қу менен сұм боларды, 

Орыста қалар жаласы. 

Бұл іске кім виноват —

Я Семейдің қаласы?

Я қазақтың аласы?

Ойында жоқ бірінің 

Салтыков пен Толстой,

Я тілмаш, я адвокат 

Болсам деген бәрінде ой, 

Көңiлінде жоқ, санасы. 

Ақылы кімнің бар болса, 

Демес мұны тілі ащы. 

Айтыңызшы болсаңыз

Здравомыслящий,  

Ақыл айтпай ма ағасы?

Пайда ойлама, ар ойла, 

Талап қыл артық білуге. 

Артық ғылым кітапта 

Ерінбей оқып көруге. 

Военный қызмет іздеме 

Оқалы киім киюге,

Бос мақтанға салынып, 

Бекер көкiрек керуге. 

Қызмет қылма оязға. 

Жанбай жатып сөнуге. 

Қалай сабыр қыласың

Жазықсыз күнде сөгуге?

Өнерсіздің қылығы — 

Тура сөзін айта алмай, 

Қит етуге бата алмай, 

Қорлықпенен шіруге; 

Аз ақшаға жалданып

Comments