Өлеңдер‎ > ‎

Бай сейілді

Бай сейілді,

Бір бейілді

Елде жаќсы ќалмады.

Елдегі еркек,

Босќа селтек

Ќағып елін ќармады.

Жөнді, жөнсіз,

Сөз теңеусіз,

Бас пен аяќ, бір ќысап.

Ұрысса орыс,

Елге болыс

Үйден үрген итке ұсап.

Өзі ұлыќќа

Кәдір жоќќа

Ќарамай,

Өз халќына.

Сөз ќайырмай,

Жөнді айырмай,

Жұртќа шабар талпына.

Танымадыќ,

Жарымадыќ

Жаќсыға бір іргелі.

Ќолына алып,

Пәле салып,

Аңдығаны өз елі.

Шашты малын,

Берді барын

Боларында жұртына.

Еміреніспес енді піспес,

Ұќсамас еш сыртына.

Ел де жаман,

Ер де жаман —

Аңдығаны өз елі.

Елде сияз,

Ойда ояз,

Оңбай-аќ тұр әр түрі.

Кетті бірлік,

Сөнді ерлік,

Енді кімге беттемек?

Елің — ала,

Отты шала,

Тайса аяғың, кім көмбек?

Өтті өмірім

Ќайтты көңілім

Бұл дүниенің ісіне.

Жасы ќұрбы

Жаны тұрғы

Дос па деген кісіге.

Сөзге емексіп.

Ел керексіп,

Не болады маќтаның?

Бейлі шикі,

Аќылы күйкі,

Осы жұрт па тапќаның?

 

 

Comments