Өлеңдер‎ > ‎

Оспанға

Жайнаған туың жығылмай,

Жасќанып жаудан тығылмай,

Жасаулы жаудан бұрылмай,

Жау жүрек жомарт ќұбылмай,

Жаќсы өмірің бұзылмай,

Жас ќуатың тозылмай,

Жалын жүрек суынбай,

Жан біткеннен түңілмей,

Жағалай жайлау дәулетің

Жасыл шөбі ќуармай,

Жарќырап жатќан өзенің

Жайдаќ тартып суалмай,

Жайдары жүзің жабылмай,

Жайдаќтап ќашып сабылмай,

Жан біткенге жалынбай.

Жаќсы өліпсің, япырмай!

Comments