Баймағанбетке

Ажының жаќсы-аќ ќызы едім,

Жетістірем деп алды.

Тілеуін түзден тілесе,

Баста мені неге алды?

Сол желіккеннен желігіп,

Жынды сары жоғалды.

Ойбайлаған болайын-ай,

Жоќтамасам, обал-ды.