Өлеңдер‎ > ‎

Қарашада өмір тұр

Қарашада өмір тұр,

Тоқтатсаң тоқсан көнер ме?

Арттағы майда көңіл жүр,

Жалынсаң қайтып келер ме?

Майдағы жұрттың іші — қар,

Бәйшешек қарға көнер ме?

Ішінде кімнің оты бар,

Қар жауса да сөнер ме?

Талаппен ұшып, талпынып,

Шар тарапты көздемес.

Пайданы қуып алқынып,

Өзгені әсте сөз демес.

Кеудесі — толған қулық ой,

Бәрі де пысық, езбе емес,

Құмары оның — айт пен той,

Пайда мен мақтан — өзге емес,

Алдадым, ұрдым, қырдым деп,

Шалықтап, шалқып, шатпай ма?

Қапысын аңдып тұрдым деп,

Қулығын бұлдап сатпай ма?

Момыннан жаман қорқақ жоқ,

“Қу”, “пысық” деген ат қайда?

Арсыз болмай атақ жоқ.

Алдамшы болмай бақ қайда?

Comments