Өлеңдер‎ > ‎

Әбдiрахман өлiмiне (Талаптың мiнiп тұлпарын)

Талаптың мiнiп тұлпарын.

Тас қияға өрледiң.

Бiр ғылым едi iңкәрiң,

Әр қиынға сермедiң.

Көзiңдi салдың, тұрғыға,

Бейнетiн көрмедiң.

Бiрге оқыған құрбыға

Бас бәйгенi бермедiң.

Бала болдың жас болдың, -

Жалғандыққа ермедiң.

Төре болдың, бас болдың-

Көкiрегiңдi кермедiң.

Ел iшiне сау келсең,

Тағлым айтпас ер ме едiң?

Жол көрсетiп сонда өлсең,

Арманым бар дер ме едiм?

Iздеп табар жалғаннан

Бала берген бенде едiм

Бенде өлмейдi арманнан,

Мiнеки, мен де өлмедiм.

Comments