Өлеңдер‎ > ‎

Антпенен тарқайды

Антпенен тарќайды.

Жиылса кеңеске.

Ор ќазып байќайды

Туа жау емеске.

Анттасып алќайды,

Сен тентек демеске.

Кім антын шайќайды.

Амал жоќ жемеске.

Аз адам шаршайды,

Ебіне көнбеске.

Басы ыңғай ќайќайды,

Амал жоќ өлмеске.

Ел састы аңќайды,

Би тартты егеске.

Жұрт тағы мал жайды

Ой ќылар бермеске.

Өсімге ќол жайды,

Тай алып серкешке.

Алмаса ол тайды,

Дап-дайын көрмеске.

Кедей би жантайды

Сауыр мен өркешке.

Саумаќќа ол байды,

Кеңесер би кешке.

Ќайғы ќып болмайды.

Өкпелеп білмеске.

Сүйтсе де оңбайды,

Бұрынғы түсті еске. 

Пысыќтар шалќайды,

Таласып теңдеске.

Бермеске ќағып шонтайды

Өзімен жемдеске.

Таласып тарќайды

Аќшадан төрт-беске.

Бірлікті шайќайды,

Араз бол өнбеске.

 

Comments