Ішім өлген, сыртым сау, Көрінгенге деймін-ау: Бүгінгі дос — ертең жау, Мен не қылдым, япырм-ау?! Өз үйінде өзендей Күркірейді, айтса дау. Кісі алдына барғанда Шабан, шардақ және шау. Мұндай ма едің ана күн, Мұның қалай, батыр-ау? Үш күн арқаң босаса, Бола қалдың бас асау. Жан қысылса, жайтаңдап, Жанды еріткен жайдары-ау. Жан жай тапса, сен неге Жат мінезсің жабырқау? Ұрлық пенен қулыққа Байлағанда кестің бау. Берерменде бесеусің, Аларманда және алтау. Топ болғанда көресің |
Өлеңдер >