Өлеңдер‎ > ‎

Әбдiрахманға (Алланың рахматын)

Алланың рахматын

Жар тауып әрнеге.

Әр рахман ол атын

Үйреткен жүмлеге.

Дұғамның қуатын

Жіберме өңгеге.

Әбіштің сауқатын

Беркітсең кеудеге. 

Рәушән сипатын

Тез көрсет бендеге.

Осындай шапқатын

Ұмытам мен неге?

Зар хатым — бұл хатым.

Бізді тыныш жүр деме.

Азайып қуатым,

Денем жүр көрмеге.

Бұл — жазған сұңғатым,

Көңіл ашар бір наме

Менің сол рахатым

Көзіме сүрмеге.

Comments