Педагогика. Мораль

Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге,

* * *
Әр елдің, тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік
пікірлесе алады, аса арсыздана жалынбайды.

* * *
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалаң.
Сен де — бір кірпіш дүниге
Кетігін тап та, бар, қалан!

* * *
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

* * *
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп.
Айтпа ғылым сүйсеңіз! -

* * *
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.

* * *
Білімсіздік — хайуандық.

* * *
Біреуден біреу артылса,
Өнер өлшеніп тартылса,
Оқыған, білген — білген-ақ,
Надан — надан-ақ сан қылса.

* * *
Бір ғылымнан басқанын,
Кеселі көп асқанға.

* * *
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?

* * *
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.

* * *
Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.

* * *
Ғылымсыз дүние жоқ.

* * *
Дүние де өзі, мал да өзі.
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

* * *
Дүниенің ғылымын білмей қалмақтық — бір үлкен зарарлы надандық.

* * *
Еждиһатсыз, михнатсыз,
Табылмас ғылым сарасы.

* * *
Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
Пайдасын көре түра тексермедім,
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

* * *
Жатқан надан не білер,
Көңілге сәуле қонбаса.

* * *
Көзінен басқа ойы жоқ
Адамның надан әуресі. ..

* * *
Надандық — ғылым-білімнің жоқтығы.

* * *
Орыстың ғылымы — өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанға түседі.

* * *
Оқыған білер әр сөзді.
Надандай болмас ақ көзді.

* * *
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмей, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі — тұл.

* * *
Өзі өнерсіз өмірден тез. суынар,
Ойланған жолаушыдай бос қалғаның.

* * *
Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың.

* * *
Өнер — өзі де мал, өнерді үйренбеқ — иһсан.   ("иһсан" - игілік, жақсылық)

* * *
Таразы да, қазы да өз бойыңда,
Наданның сүйенгені көп пен дүрмек.

* * *
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.

* * *
Талап, ұғым — махаббаттан шығады.

* * *
Шәкіртсіз ғалым — тұл.
Адам баласын бауырым деу — жүрек ісі.

* * *
Адам баласына адам баласының бәрі — дос.

* * *
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады.

* * *
Адамшылықтың алды — махаббат, ғаделет, сезім. Бұл ғаделет, махаббат, сезім кімде көбірек болса, ол кісі — ғалым.

* * *
Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

* * *
Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

* * *
Әкесі ұрысса балаға о да — достық,
Баласы ұрысса әкеге жараса ма?

* * *
Әкесінің баласы — адамның дұшпаны, адамның баласы — бауырың.

* * *
Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл — адамға нұр болады.

* * *
Біреу сенің қамыңды жесе, сенің оған қарыздар екеніңе де ұстаздық керек пе?

* * *
Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.

* * *
Досыңа достық — қарыз іс.
Дұпшаныңа әділ бол.

* * *
Ер артық сұраса да, азға разы болады; ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.

* * *
Ер ісі — ақылға ермек, бойды жеңбек.
Өнерсіздің қылығы өле көрмек.

* * *
Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт алса. ізлеп таба алмайсың.

* * *
Жаман тату қазады өзіңе ор,
Оған сенсең, бір күні боларсың, қор.
Ары бар, ұяты бар үлкенге сен.
Өзі зордың болады ығы да зор.

* * *
Жолдастық, сұхбаттастық — бір үлкен іс.

* * *
Жүрегі жұмсақ білген күл,
Шын дос таппай тыншымас.
Пайда, мақтан бәрі — тұл,
Доссыз ауыз түшымас.

* * *
Жылмаңы сыртта, іші арам,
Кез келер кайда сорлыға.

* * *
Залымдық — адам баласының дұшпаны.

* * *
Кей құрбы бүгін — тату, ертең бату,
Тілеуі, жақындығы — бәрі сату.

* * *
Кім сені сүйсе, оны сүймектік қарыз.

* * *
Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың қарыз.

* * *
Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ.

* * *
Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады.

* * *
Қастық қылмақ, қор тұтпак, кемітпек — олар дұшпандық шақырады.

* * *
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.

* * *
Қолдан достық жасап ем болар-болмас,
Итмұрындай наданның жыртты бірі.

* * *
Құйрығы шаян, беті адам
Байқамай сенбе құрбыға.

* * *
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа.

* * *
Малынды жауға,
Басыңды дауға,
Қор қылма, қорға, татулас.

* * *
Махаббатсыз — дүние бос
Хайуанға оны қосыңдар.

* * *
Надан арам ақылды құлаққа ілмек.
Нысап, ұят — бұл ғаделеттен шығады.

* * *
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген кұлының бірі боласың.

* * *
Өзің құрметтемеген нәрсеге өзгеден құрмет күтпе.

* * *
Өсіп-өну жолында адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды — әуелі дос көбейтпек. Кімге достығың болса, достық — достық шақырады.

* * *
Адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі.

* * *
Адалдан тапқан тиынды,
Сал да сақта қапшыққа.
Қолдағыңды қорғап бақ,
Мал арзан деп аптықпа.

* * *
Адамға халінше ихсанды болмақ,— қарыз іс

* * *
Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан өнерші — қазақтың әулиесі. ,

* * *
Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық.

* * *
Демеңдер өнбес іске жұбаналық,
Ақыл тапсақ, мал тапсақ қуаналық.

* * *

Comments