Өлеңдер‎ > ‎

Өзгеге, көңілім, тоярсың

Өзгеге, көңілім, тоярсың,

Өлеңді ќайтіп ќоярсың?

Оны айтќанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың.

Сайра да зарла, ќызыл тіл.

Ќара көңілім оянсын.

Жыласын, көзден жас аќсын,

Омырауым боялсын.

Ќара басќан, ќаңғыған,

Ќас надан нені ұға алсын?

Көкірегінде оты бар

Ќұлағын ойлы ер салсын.

Тыңдамаса еш адам,

Өз жүрегім толғансын.

Әр сөзіне ќарасын,

Іштегі дертім ќозғалсын.

Әуелесін, ќалќысын,

От жалын боп шалќысын.

Жылай-жырлай өлгенде,

Арттағыға сөз ќалсын.

Мендей ғарып кез болса.

Мойын салсын, ойлансын

Ќабыл көрсе сөзімді,

Кім таныса, сол алсын.

Не пайда бар — мың надан

Сыртын естіп таңдансын.

Онан-дағы бір есті

Ішкі сырын аңғарсын.

Өздерің де ойлаңдар.

Неше түрлі жан барсың.

Ғылым да жоќ, ми да жоќ,

Даладағы аңдарсың.

Жүрегімен тыңдамай,

Ќұлағыңмен ќармарсың.

Соны көріп, соларға

Ќайтіп ќана сарнарсың?

Comments