Өзім туралы

Мырзабаев Асылбек Сұлтанбекұлы – 1980 жылы туылған. Білімі жоғары. 2002 жылы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент бөлімін информатик және информатика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Осы жылы өз мамандығы бойынша №29 орта мектепке информатика пәні мұғалімі бойынша орналасты. 2004-2008 жылдар аралығында Қармақшы аудандық білім бөлімінде әдіскер, 2008 жылдан бері №199 орта мектебінде "информатика" пәнінің мұғалімі

Мырзабаев Асылбек Сұлтанбекұлының сабақ беретін пәні информатика, 3-11-сыныптар аралығында сабақ береді. Еңбек өтілі 19 жыл, педагог-сарапшы.

2007 жылдың 12-23 наурыз аралығында Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институтта «Объектілі-бағдарланған программалау тілі» мамандыққа баулу курсын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында курстан өткен. Сертификат номері №0006749.

2009 жылы облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында 5-8 қаңтар аралығында «Үшөлшемді жүйе педагогикалық технологиясы» тақырыбында курстан өтті (сертификат №0090477).

2017 жылы “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген “Тәжірибедегі рефлексия” жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсы, Т №016859

2018 жылы ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде “Информатика” пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы курсы. 2018ж, БЖ №004217

Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген “Жаңартылған білім беру аясындағы критериалды бағалау жүйесі” оқыту семинары, ПС №004496

2003 жылы облыстың информатика пәні мұғалімдері арасындағы «Ұстаз-Инфо-2003» байқауында ІІІ орынды жеңіп алды.

2003 жылдың қорытындысымен «Жылдың үздік мұғалімі» номинациясы бойынша Мырзабаев Асылбек Сұлтанбекұлы аудан әкімінің дипломымен марапатталды.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Жолдауын жүзеге асыру барысында ұйымдастырылған ІІ облыстық «Білім беруді ақпараттандыру - 2004» атты форумындағы секция жұмысы бойынша жергілікті білім бердегі жаңа ақпараттық технологиялы саланы жетілдіруге қосқан жетістіктері мен ағартушылық қызметі үшін облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2005 жылы облыстық «Ең үздік әдіскер – 2005» байқауында «Сарапшы әдіскер» номинациясын жеңіп алды.

2016 жылы Математика, физика және информатика мұғалімдері арасында IV Халықаралық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінде ІІІ орын, Диплом,

2003 №29 орта мектептің 9 – сынып оқушысы Ж.Исаева ғылыми негіздері бойынша аудандық пәндік олимпиадада І орын, облыстық олимпиадада ІІ орынға ие болды. Жыл көлеміндегі жұмыстар нәтижесімен

2008 жылы №199 орта мектебіне информатика пәні мұғалімі болып ауысып, осы жылы шәкірті 9-сынып оқушысы Т.Көшекбаев аудандық оқушылар арасындағы информатика пәні бойынша «Жас хакер – 2008» байқауында Бас жүлдеге ие болды.

2009 жылы 10-сынып оқушысы Т.Көшекбаев ғылыми негіздері бойынша аймақтық пәндік олимпиадада І орын, аудандық олимпиадада І орынға ие болды.

2009 жылы аудандық А.Мырзабаев өз пәні бойынша ІІІ «Алтын диск – 2009» байқауының І орын жүлдегері болды.

2009 жылы ғылыми негіздері бойынша аудандық пәндік олимпиадада шәкірттері 10-сынып оқушысы М.Төлегенұлы ІІІ орын алса, 11-сынып оқушысы Т.Көшекбаев ІІ орынды иеленді.

2010-2011 оқу жылы аудандық IV «Алтын диск – 2011» байқауында ІІ орынға ие болды.

2011-2012 оқу жылы аудандық «Авторлық бағдарламалар мен электрондық оқулықтар» байқауында І орынды жеңіп алды.

2012-2013 жылы шәкірті 11-сынып оқушысы А.Айжарық ғылыми негіздері бойынша аудандық пәндік олимпиадада ІІІ орынға ие болды.

2016 жылы 7-сынып оқушысы Г.Тоқташова жалпы білім беретін мектептердегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінде информатика пәнінен І орын;

2016 жылы 8-сынып оқушысы Ж.Алтыруова жалпы білім беретін мектептердегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінде информатика пәнінен ІІ орын,

2016 жылы 7-сынып оқушысы Г.Тоқташова жалпы білім беретін мектептердегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде информатика пәнінен І орын,

2018 жылы 7-сынып оқушысы А.Сұлтанбеков жалпы білім беретін мектептердегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінде информатика пәнінен І орын,

2018 жылы 7-сынып оқушысы А.Сұлтанбеков жалпы білім беретін мектептердегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде информатика пәнінен ІІІ орын,

2018 жылы 8-сынып оқушысы А.Сұлтанбеков 7-8 сынып оқушылары арасында республикалық юниорлық олимпиаданың аудандық кезеңінде информатика пәнінен І орын

2018 жылы 8-сынып оқушысы А.Сұлтанбеков жалпы білім беретін мектептердегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінде информатика пәнінен І орын,

2019 жылы 9-сынып оқушысы А.Сұлтанбеков Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аудандық кезеңінде информатика пәнінен І орын.

2021 жылы 10-сынып оқушысы А.Сұлтанбеков Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аудандық кезеңінде информатика пәнінен І орын.

2021 жылы 10-сынып оқушысы А.Сұлтанбеков Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінде информатика пәнінен Алғыс хат.