Мемориал жеті кубты құрайды, олардың әрқайсысында қуғын-сүргін жылдары (1916-1986 ж.ж.) жазылған.
Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан бері аталып келеді. Анықтамалық мәліметтер бойынша, 1921-1954 жылдар аралығында бұрынғы Кеңес Одағындағы сотталғандардың жалпы саны 3 миллион 777 мыңды құрады, олардың 642 мыңы ең жоғары жазаға кесілді.