Құрметті түлектер !!!!
Қарағанды индустриялық университетіне техникалық дайындық бағыттарының 9 білім беру бағдарламалары тобы бойынша жоғары білімді мамандарды дайындауға арналған 150 мемлекеттік грант бөлінді.
Сіз 50-ден астам балл (әр пән бойынша кемінде 5 балл) жинап, Қарағанды индустриялық университетінің инженерлік-техникалық, және IT бағытындағы кез келген білім беру бағдарламасына, сондай-ақ фармацевтикалық өндіріс технологиясы білім беру бағдарламасына түсе аласыз. Грантта білім алушылар ай сайын 42090 теңге көлемінде стипендия алады. Жатақхана 4 жыл бойы қамтамасыз етіледі. Жатақхана құны-жылына 40-тан 50 мың теңгеге дейін. Жылына екі рет бару-келу үшін ақы төленеді. Бітіргеннен кейін 100% жұмыспен қамтамасыз етіледі.