6В07109 - «МАШИНА ЖАСАУДАҒЫ ҚҰЮ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»


Болашақ бакалаврлар құйма қалыптар мен жабдықтарды жобалауды есептеу дағдыларын алады; металлургиялық өндіріс негіздерін үйренеді; құю цехтарын жобалау мәселелерімен айналысады, сондай-ақ, металлургиялық агрегаттар мен тиісті технологиялық жабдықтарды жобалау дағдыларын алады; металлургиялық сараптама негіздерімен танысады.

Түлектер металлургия және машина жасау кәсіпорындарында, ғылыми-зерттеу институттары мен жобалау ұйымдарында технологиялық инженерлер мен жобалаушы инженерлер ретінде жұмыс істей алады.