6В07106 - «АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ИНЖЕНЕРИЯСЫ»
Сапалы автоматтандыру жүйелері барлық өндірістік процестер туралы нақты ақпарат беру, өндірісті басқаруды ұйымдастыру және қысқа мерзімде көбірек өнім алу арқылы кез-келген кәсіпорынның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс берушілер арасында «Автоматтандыру жүйелері инжинирингі» білім беру бағдарламасын өзекті және сұранысқа ие етеді.
«Автоматтандыру жүйелері инженериясы» білім беру бағдарламасының студенттері автоматты басқару теориясын, алгоритмизацияны және бағдарламалауды, компьютерлік графика және АЖЖ, пневмо - және гидроавтоматиканы, автоматика элементтері мен құрылғыларын, технологиялық кешендерді автоматтандыруды, автоматтандыру жүйелерінің инжинирингін, өнеркәсіптік контроллерлерді, SMART желілерді зерделейді.