Қарағанды индустриялық университеті жанындағы техникал-экономикалық колледж университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және 2016 жылдың қыркүйегінен бастап "Білім туралы" ҚР Заңы және білім беру қызметін реттейтін басқа да заңнамалық актілер негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында құрылтай құжаттарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс жасайды.

КарИУ жанындағы ТЭК білім беру қызметін жүзеге асыру лицензиясына сәйкес орта буын мамандарын 9 мамандық  бойынша шығара отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруда:

1. 04130100 «Менеджмент»

2. 04110100 «Есеп және аудит»

3. 07130400 «Жылу техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері»

4. 07130700 «Электр және электромеханикалық жабдығын техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу»

5. 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

6. 07151300 «Қара металдар металлургиясы»

7. 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету»

8. 07320100 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану»

9. 07151100 «Машиналармен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету (өнеркәсіп салалары бойынша)»

Негізгі орта (9-сынып) білім беру базасында оқуға түскен білім алушылар үшін оқу мерзімі 3 жыл 10 айды, жалпы орта (11-сынып) білім беру базасында 2 жыл 10 айды құрайды. "Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану" мамандығы бойынша оқу мерзімі 3 жыл 6 ай 9 сынып негізінде, 11 сынып негізінде 2 жыл 6 ай. "Есеп және аудит", "Менеджмент" мамандықтары бойынша 9-сыныптан кейін оқыту 2 жыл 10 айды, 11-сыныптан кейін 1 жыл 10 айды құрайды. Оқыту келісім-шарт негізінде жүргізіледі.

Оқу түрлері: Күндізгі, Сырттай. Оқыту тілі: қазақ, орыс.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің аттестаттау комиссиясының қорытындысы бойынша және 2023 жылғы 21.04.  №112 бұйрығымен Техника-экономикалық колледж білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына толық сәйкес, оның ішінде білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері талаптарға сәйкес келгендігінен жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік аттестаттаудан өтті.

Қарағанды облысы білім басқармасының хаттары негізінде колледжге мемлекеттік тапсырыс бойынша 2023 жылғы талапкерлер үшін 240 грант бөлінді. Сондай-ақ студенттер шарттық негізде білім ала алады.

Ақылы оқитын студенттерге жеңілдіктер бар:

· Оқу ақысының икемді жүйесі (ай сайын, семестр бойынша төлем жасау мүмкіндігі).  

· Жетім балаларға, мүгедектерге, көп балалы отбасыларға, КС балаларына және қызметкерлерге 10%-дан 30% - ға дейінгі мөлшердегі жеңілдіктер.

· Күндізгі бөлімде оқу уақытына жастарға әскери қызметтен кейінге қалдыру.

· Резидент емес студенттерге арналған жатақхана.

2018 жылдан  26 түлектен бастап, 2022 жылға дейін оқу орны 592 орта буындағы білікті мамандарды даярлап шығарды. Ағымдағы жылдың түлектер саны тағы 153 студент (күндізгі 65, сырттай 88) құрады.