6В07105 - «ӨНЕРКӘСІПТІК ОБЪЕКТІЛЕРДІ ЭНЕРГИЯМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ»
Болашақ бакалаврлар электрмен жабдықтау жүйелеріне қатысты техникалық шарттардың, стандарттардың, техникалық сипаттамалардың жобаларын әзірлеуде; техникалық ұсыныстарға, техникалық тапсырмаларға және электрмен жабдықтау жүйелерін жобалауға байланысты басқа да құжаттарға сараптамалық бағалау жүргізуде; бекітілген әдістемелерге сәйкес ғылыми зерттеулер, ғылыми эксперименттер жүргізуде және тақырыптардың жекелеген бөлімдері (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша әзірлеуде; бақылаулар мен өлшеулер жүргізуде және оларды қорыту мен талдауда дағдылар алады.
Түлектер баптау және сынау жөніндегі инженер, инженер-лаборант, инженер-конструктор, инженер-жобалаушы, учаске шебері, цех және учаске бастығы, инженер-энергетик, бас энергетик, бас инженер, ғылыми-зерттеу институттары мен жобалау ұйымдарында жұмыс істей алады.