6В07203 - «ТҮСТІ МЕТАЛДАР МЕТАЛЛУРГИЯСЫ»
Болашақ бакалаврлар түсті металдарды балқытудың технологиялық есептеу дағдыларын алады, сондай-ақ, түсті металдар кендерін байыту мәселелерін, түсті металдар металлургиясының, металлургиялық өндірістің өнімдері мен жартылай өнімдерінің принциптері мен әдістерін зерделеу жөніндегі бағдарламаны меңгереді; жеңіл, ауыр, сирек кездесетін және асыл металдар металлургиясын зерделейді; түсті металлургияда металлургиялық агрегаттары мен цехтарын жобалау дағдыларын алады; түсті металлургия саласындағы металлургиялық сараптаманың негіздерімен танысады.
Түлектер металлургия және машина жасау кәсіпорындарында, ғылыми-зерттеу институттары мен жобалау ұйымдарында технологиялық инженерлер мен жобалаушы инженерлер ретінде жұмыс істей алады.