6В06101 - «БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ»
«Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының студенттері C++,C# тілдерінде бағдарламалауды, web-технологиялар мен web-дизайнды, компьютерлік графиканы (Adobe Photoshop, Corel Draw, 3ds MAX, КОМПАС 3D), жүйелер мен желілерді әкімшілендіруді, үлкен деректерді өңдеу бағдарламаларын, ақпараттық қауіпсіздік негіздерін, бағдарламалық жасақтама мен дерекқорды жобалауды зерделейді.
«Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының түлектері мобильді қосымшаларды, мәліметтер базасын, заманауи бағдарламалық жасақтаманы жасай алады, енгізе және қолдана алады, компьютерлік желілерді орната алады.