6В07207 - «ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БАЙЫТУ»
Болашақ бакалаврлар бағалы минералдарды бос жыныстардан бөлу мақсатында минералдық шикізатты бастапқы өңдеу әдістері мен процестерін, байыту процестерінің сыныптамасын және тиісті технологиялық жабдықты зерделейді; байыту фабрикаларын жобалау мәселелерімен айналысады және байыту процестеріне бақылау жүргізеді; компьютерлік технологияларды қолдана отырып, байыту схемалары мен процестерін модельдейді; металлургия өндірісінің негіздерімен танысады.
Түлектер тау-кен металлургия кәсіпорындарында, ғылыми-зерттеу институттарында және жобалау ұйымдарында технолог және байытушы инженерлер ретінде жұмыс істей алады.