6В07501 - «СТАНДАРТТАУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ»


«СМС» ББ түлегі қызметінің кәсіби саласы өнім мен қызметтердің жоғары сапасы мен қауіпсіздігіне, тұтынушы өндіруші үшін жоғары экономикалық тиімділікке бағытталған өнімге (көрсетілетін қызметке), процеске (жұмысқа) және жүйеге, оларды әзірлеуге, өндіруге, қолдануға және метрологиялық қамтамасыз етуге қойылатын нормалар мен талаптарды белгілеу, іске асыру және орындалуын бақылау болып табылады. 

«СМС» ББ түлектері кәсіби құзыреттерді, стандарттарды, нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу, қайта қарау және оларға өзгерістер енгізу бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды алады; метрологиялық сараптама жасау, геометриялық дәлдік көрсеткіштерін өлшеу әдістемелерін әзірлеу, нақты өндірістерге арналған өлшеу жүйелерін әзірлеу, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) әдістемелерін әзірлеу; өндірістің жай-күйін талдау және одан әрі сертификаттау үшін өнім, көрсетілетін қызметтер мен жүйелер сапасының тұрақтылығын бағалау, түзету және алдын алу іс-шараларының орындалуын бағалау; стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттама талаптарына сәйкестікті инспекциялық бақылау; эксперименттер, өлшеулер, бақылаулар жүргізу, зерттеулер мен ғылыми әзірлемелердің нәтижелерін енгізу.