6В07110 - «КӨТЕРУ-ТАСЫМАЛДАУШЫ, ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖОЛ МАШИНАЛАРЫ»
Білім беру бағдарламасы әртүрлі өнеркәсіп, көлік, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларының өндірістік процестерін механикаландыру құралдарын құру, пайдалану және қызмет көрсету құралдарының, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығына ие мамандарды даярлауға бағытталған.
Білім беру бағдарламасының түлектері іс жүзінде кез-келген салада механикаландыру құралдарын жобалаумен, өндірумен, пайдаланумен, сондай-ақ ғылыми зерттеулермен айналыса алатын кең профильді инженер-механик бола алады.