6В06102 - «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ»


Жасанды интеллект көлікте (автопилоты бар автомобильдер), өнеркәсіпте (жұмыстың көп бөлігін роботтар істейтін жерде), қаржыны басқаруда, медицинада (компьютерлік диагностика), бейнебақылау жүйелерінде (компьютерлік көру, бет-әлпетті тану) және толықтырылған шындықта, мәтін мен сөйлеуді талдау үшін қолданылады (машиналық оқыту) және басқа да көптеген салаларда. 

«Жасанды интеллект технологиясы» білім беру бағдарламасының түлектері сараптамалық жүйелерді әзірлейді, сөйлеуді, бейнелерді, компьютерлік ойындар үшін виртуалды шындықты тануға арналған бағдарламалар жасайды, нейрондық желілерді оқытумен айналысады, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.