ҚҰРМЕТТІ, ЖАСТАР!


   Сіздерді инженерлік техникалық кадрларды дайындау бойынша Қазақстанның жетекші оқу орындарының бірі – Қарағанды индустриялық университетіне оқуға шақырамыз. 

   Университет елдегі жалғыз, өнеркәсіптік алаңды қамтитын, заманауи оқу нысаны. Оқу ордасында жоғары санаттағы әлем  елдеріне танымал ғалымдар мен мықты мамандар сабақ жүргізеді. Қазіргі таңда 25 бакалавриат, 12 магистратура, 5 докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлаймыз. 

Біздің студентерге оқу процесінде өз бағыттары бойынша заманауи, креативті білім алуға, қуатты техникалық және ақпараттық базаларды пайдалануға, ғылыми зерттеу орталықтарында сапалы білім алуға мүмкіндік жасалған.

   Студенттер білім алу барысында әлемге танымал ірі компаниялардан тәжірибеден өтеді.  Қарағанды индустриялық университетінің студенті бол! Өзіңнің болашақ арманыңа қол жеткіз.