ҚҰРМЕТТІ, ЖАСТАР!
Сіздерді инженерлік техникалық кадрларды дайындау бойынша Қазақстанның жетекші оқу орындарының бірі – Қарағанды индустриялық университетіне оқуға шақырамыз.
Университет елдегі жалғыз, өнеркәсіптік алаңды қамтитын, заманауи оқу нысаны. Оқу ордасында жоғары санаттағы әлем елдеріне танымал ғалымдар мен мықты мамандар сабақ жүргізеді. Қазіргі таңда 25 бакалавриат, 12 магистратура, 5 докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлаймыз.
Біздің студентерге оқу процесінде өз бағыттары бойынша заманауи, креативті білім алуға, қуатты техникалық және ақпараттық базаларды пайдалануға, ғылыми зерттеу орталықтарында сапалы білім алуға мүмкіндік жасалған.
Студенттер білім алу барысында әлемге танымал ірі компаниялардан тәжірибеден өтеді. Қарағанды индустриялық университетінің студенті бол! Өзіңнің болашақ арманыңа қол жеткіз.
Бағдарлама бойынша мемлекеттік грантқа өтініш беру 13 шілде мен 20 шілде
аралығында жүргізіледі.
Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар
1. Өтініш.
2. Білімі туралы құжат (түпнұсқа).
3. Ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеудің сертификаты.
4. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
5. Дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы.
6. Екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру, шектеу, хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі).
7. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдар үшін растама құжат (бар болса).
8. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін растама құжат (бар болса).
5), 6), 7) және 8) тармақшаларда аталған құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
21 шілде мен 10 тамыз аралығында Гранттар конкурсы өткізіледі!
10-25 тамыз аралығында ЖЖБКБМ қабылдау комиссиялары талапкерлердің құжаттарын қабылдауды жүргізеді.
Талапкерлер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды өткізуі тиіс:
қабылдау туралы өтініш;
білім туралы құжаттар (аттестат);
075-У нысанындағы медициналық анықтама;
ҰБТ сертификаты;
фото сүрет 3х4-6 дана;
білім беру грантын тағайындау туралы куәлік
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!
13-20 шілде аралығында Қарағанды индустриялық университетінің оқытушылары Сіздің өңірлеріңіз: Атырау мен Ақтау қалаларында
Батыс аумақтардың жастарына арналған мемлекеттік грант алу мәселелері бойынша кеңес береді.
Төменде біздің өкілдердің мекен-жайлары мен олардың телефондары көрсетілген!
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛДЕРІ
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛДЕРІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛДЕРІ