"Қарағанды индустриялық университеті" КЕАҚ жанындағы Техника-экономикалық колледж (ТЭК)
Техника-экономикалық колледж (ТЭК) КЕАҚ "Қарағанды индустриялық университетінің" құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін колледж-ЖОО үздіксіз білім беру жүйесі бойынша жүзеге асырады.
ҚарИУ жанындағы ТЭК 2016 жылғы қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асырады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде жұмыс істейтін, техникалық және кәсіптік оқу орындарына қойылатын ең жоғары талаптарға жауап беретін заманауи, серпінді дамып келе жатқан колледж болып табылады.
2022-2023 жылдары Техника-экономикалық колледжі мемлекеттік аттестаттаудан өтті.
Мемлекеттік лицензияға сәйкес колледж 9 мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады:
Соның ішінде 2 экономикалық мамандық:
· 04130100 «Менеджмент» – біліктілігі: менеджер;
· 04110100 «Есеп және аудит» – біліктілігі: экономист-бухгалтер.
7 техникалық мамандық:
· 07130400 «Жылу техникалық жабдықтар және жылумен қамтамасыз ету жүйелері» – біліктілігі: техник-жылу технигі;
· 07130700 «Электромеханикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» (түрлері мен салалары бойынша) – біліктілігі: электромеханик;
· 07161300 «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» – біліктілігі: техник-механик;
· 07151300 «Қара металл металлургиясы» – біліктілігі: техник-металлург;
· 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» – біліктілігі: Бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырушы»;
· 07320100 «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» – біліктілігі техник-құрылысшы;
· 07151100 «Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету» (өнеркәсіп салалары бойынша) – біліктілігі техник-механик.
2023-2024 жылдары Техника-экономикалық колледжіне мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) бойынша 240 орын бөлінді.
Колледж грантына өтініштер қабылдау bilimal.KZ арқылы жүзеге асырылады
Біздің мамандар - бұл болашаққа деген сенімділік!
Колледжде оқыту мемлекеттік стандартқа сәйкес келетін оқу бағдарламалары бойынша Қарағанды индустриялық университеті кафедрасының және колледждің жоғары білікті оқытушылары жүргізеді.
Колледж студенттері университеттің кітапханасын, оқу залын, компьютерлік сыныптарын, оқу зертханаларын және спорттық-сауықтыру кешенін пайдаланады.
Қаладан тыс жерден келген студенттерге жатақхана беріледі.
Күндізгі бөлімде оқитын жасөспірімдерге әскери қызметтен кейінге қалдыру беріледі.
Оқу ақысының икемді жүйесі (ай сайын, семестр бойынша төлем жасау мүмкіндігі).
Колледжді бітіргеннен кейін студенттер тиісті мамандықтарға Қарағанды индустриялық университетіне және басқа да оқу мерзімі қысқартылған жоғары оқу орындарына – күндізгі оқу нысаны бойынша 2,5 жылға түсу мүмкіндігіне ие.
КарИУ ЖАНЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖГЕ ТҮСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ:
күндізгі оқу нысаны бойынша: 20 маусымнан 25 тамызға дейін
ТҮСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ
1. Директордың атына өтініш;
2. Білім туралы құжат (түпнұсқасы және көшірмесі 2 дана)
3. №075 нысан бойынша Медициналық анықтама (флюорография суреті);
4. Егу картасының көшірмесі (063-Нысан) (9-сынып базасына түсушілер үшін)
5. 4 фотосурет 3*4см;
6. Жеке куәліктің көшірмесі (туу туралы куәлік) 2 дана.
7. Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН)тіркеу туралы куәліктің көшірмесі
8. Тіркеу куәлігінің немесе әскери билеттің көшірмесі (жасөспірімдер үшін 11-сынып базасы, күндізгі оқу нысаны)
9. Жұмыс орнынан анықтама (сырттай бөлімге түсушілер үшін)
10. Байланыстырғыш, файл-2 дана, конверт.
Анықтама телефондары:
8 705 830 66 03 8 775 518 90 96
8 747 835 02 46 8 775 457 19 99
Колледжге қабылдау емтихансыз!