Білім гранты конкурсы туралы ақпарат

2024-2025 жылдары Қарағанды индустриялық университетінде (ҚарИУ) іске асырылатын білім беру бағдарламаларының топтары үшін жалпы орта білім базасында толық ББ (оқу мерзімі 4 жыл) оқуға 17 222 грант және техникалық және кәсіптік білім негізінде қысқартылған ББ бойынша оқытуға 870 грант (оқу мерзімі 2,5 жыл) бөлінді. Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша гранттарды бөлу туралы мәліметтер төмендегі кестеде көрсетілген.

Қазақстанда жоғары оқу орындарына жалпы мемлекеттік гранттардан бөлек, мақсатты гранттар да қарастырылған. Олар батыс аймақтардың (Атырау, Маңғыстау), халқы тығыз орналасқан және жаңадан құрылған облыстардың (Түркістан, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары, Шымкент қаласы) жастарына бөлінген.

Қазақстан Республикасы Ғылым  және жоғары білім министрлігінің жобасына сәйкес, жалпы және мақсатты гранттар шеңберінде 2024-2025 жылдары жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған ҚарИУ квотасы 606 грантты (төмендегі кестелерді қараңыз) құрайды.