Құрметті Оңтүстік өңірінің ауылдық мекен жай түлектері!!!! "Серпін” бағдарламасында барлық әлеуметтік жеңілдіктер  қарастырылған. Аталған бағдарлама аясында Қарағанды индустриялық университетінің барлық инженерлік-техникалық, IT және фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандықтарына 50 балдан жоғары (әр пәннен 5 балдан кем емес) бал алсаңыз грантқа түсіп, ай сайын  42090 тенге көлемінде шәкіртақы (стипендия)  алып отырасыздар. Жатақхана 4 жыл бойы қамтамасыз етіледі. Жатақхана бағасы жылына-40-50 мың теңге аралығында. Жылына екі рет бару- келу жолы төленеді. Бітірген соң 100% жұмыспен қамтамасыз етіледі. Міне, неткен жеңілдіктер!!!

 

Бағдарлама бойынша грант байқауына құжаттарды қабылдау 13-20 шілде аралығында өткізіледі!


Бағдарламаға Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы 

облыстарының ауылдық мектеп бітіруші жастары қатыса алады.


Мемлекеттік білім  гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар


1. Өтініш.

2. Білімі туралы құжат (түпнұсқа).

3. Ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеудің сертификаты.

4. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).

5. Дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы.

6. Екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру, шектеу, хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі).

7. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдар үшін растама құжат (бар болса).

8. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін растама құжат (бар болса).

5), 6), 7) және 8) тармақшаларда аталған құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.



21 шілде мен 10 тамыз аралығында Гранттар конкурсы өткізіледі!

10-25 тамыз аралығында ЖОО қабылдау комиссиялары талапкерлердің құжаттарын қабылдауды жүргізеді.

Талапкерлер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды өткізуі тиіс:



ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР! 

13-20 шілде аралығында Қарағанды индустриялық университетінің оқытушылары Сіздің өңірлеріңіз: Шымкент, Түркістан, Жетісай, Қызылорда, Тараз Ақтау қалаларында 

"СЕРПІН" бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант туралы кеңес береді. 


Төменде біздің университет өкілдердің орналасқан мекен-жайлары мен олардың телефондары көрсетілген!


Бізбен байланыста болыңыз және өз грантыңызды алып үлгеріңіз!

Қарағанды облысы,Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30 

ТҮРКІСТАН  ОБЛЫСЫ МЕН ШЫМКЕНТ  ҚАЛАСЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛДЕРІ 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛДЕРІ 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛДЕРІ