Юбилейное
Әкімшілігі
Тарихы мен географиясы
Координаттары 51°05′14″ с. е. 51°36′10″ ш. б. (G) (O) (Я)
Координаттар: 51°05′14″ с. е. 51°36′10″ ш. б. (G) (O) (Я)
Бұрынғы атаулары : Орал асыл тұқымды станциясы
Тұрғындары
Тұрғыны : 474 адам (2009)
Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды : 07
Ауыл тарихы
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстёпный селолық округіне қарасты Юбилейный елді мекені аудан орталығы Фёдровкадан 52 шақырым,облыс орталығы Орал қаласынан 25 шақырым жерде,Солтүстігі Новопалов ауылы,Шығысында Жаңа өмір,Батысында Подстёпный ауылдық округімен шекаралас Барбастау өзенінің жағасында орналасқан.
1946 жылы Орал облысының мемлекеттік асыл тұқымды жылқы өсіру үшін салынған ауыл – Госконюшня деп аталған.1952 жылы қазан айында Орал облыстық шаруашылығының ірі-қара малдарын ұрықтандыру қолға алынды. 1956 жылы Орал облыстық мемлекеттік мал асылдандыру және қолдан ұрықтандыру станциясы болып қайтадан құрылып, «Госплемстанция» болып қайтадан өзгертілді.
Орал облыстық ұрықтандыру станциясының екі филиалы болған:
біріншісі – Фурманов филиалы.Фурманов ауданы Егінсай ауылында 1958 жылы құрылған. Облыстан 297 шақырым қашықтықта орналасқан. Екінші филиалы – Жаңақала филиалы. Ол Жаңақала ауданында 1977 жылы тамыз айында еділбай қойын асылдандыру мақсатында құрылды. Бұл филиал қаладан 300 шақырым қашықтықта орналасқан. Орал облыстық ұрықтандыру станциясы екі филиалымен бірге 59 шаруашылықты, 108 елді мекенді, 10 жеке секторды, 9 аудан ірі қара малды және 46 шаруашылықты, 10 ауданда қой шаруашылығын қамтамасыз етті.
Даттың приборы бойынша майлығын анықтайтын сүт лабораториясы, бұқа мен қойларды асылдандыру негізінде орталық баклаборатория қызмет атқарды. Госплемстанцияға кіре берісте ветеринарлық-профилакториялық және эпизотикалық шараларға қарсы мақсатында пост және дезбарьер орын алған. Алғаш тұрғындарының айтуы бойынша Госплемстанция атауы 1980жылы Юбилейный ауылы болып өзгертілді. Госплемстанция ауылы республикалық дәрежеде тіке Алматы қаласына бағынған.1983 жылы «Ақжайық ашық акционерлік» қоғамы болып, жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Жайық Гидрология» мекемесінің құрамына қосылды. 1988 жылы «Ақжайық жабық» қоғамы (ЗАО Ақжайық) болып, 2006 жылы жауапкершілігі шектеулі Ақжайықплем серіктестікке (ТОО Ақжайықплем) айналды. Қазіргі таңда «Ибрагим» қожалығы ашылып, Көшім асыл тұқымды жылқыларын өсірумен айналысады. Ауылда 105 үй, онбір жылдық негізгі мектеп, фельдшерлік пункті, ауылдық кітапхана, аудандық мәдениет бөлімшесі, «Ақ Отау» қоғамдық бірлестігінің жобасымен ашылған «Ауылдың балапаны» шағын орталығы, «Ибрагим шаруа қожалығы», "Аспен" шаруа қожалығы 2013 жылы кұрылган. ШҚ жетекшісі Уринбаев Турсынгали,«Аспен»ШҚ бағыты көкөніс, бау- бақша өсіру. ШҚ ашылғалы қияр, қызанақ, қарбыз, қауын, картоп т.б. дақылдар өсіріп келеді. ШҚ Юбилейное ауылы Барбастау өзені жағасында орналасқан. Көкөніс бау-бақша дақылдарын тапшылатып суару әдісімен суарады.Екі жеке дүкен және облыстық ат спорт кешені бар. Соңғы жылдары жас жанұялар көбейіп, тұрғын үйлер салынуда. 2011 жылы желтоқсан айында ауылға көгілдір отын кіргізілді.2019 жылы «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламамен ауылға ауыз су өткізілді.Ауылдың негізгі су көздері – Барбастау өзені, су мұнарасы. Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі, бау-бақша өнімдерін өндіру. Ауыл жастары қала орталығына жұмыс жасауда.
Ауылды басқарған адамдар
Госплемстанция ауылын ең алғаш басқарған басшы – Никулин(1954жылға дейін).1954 жылдан 1964 жылға дейін В.П Фадеев басқарды.Жылдар бойынша ауылды басқарған төмендегі көрсетілген мына азаматтар: Красноштанов.В.И. (1964-1969), Насипов П.А. (1970-1971), Адыров С.К. (1972-1981), Сапашев Б.Е (1982-1983),Есенғалиев Т.Е.(1983-1984),Мыңбаев А.М.(1984-1985),Қосаев Қ.Қ.(1986-1990), Сарсеев Е.С (1991-1993),ШыңғазиевМ(1994-1995),СарсеевЕ.С.(1996-1998),Сагидуллин Ж.Б(1999-2001),Рахимов Е.Р.(2003-2004).2007 жылдан бастап Махметов Қамбар Ибрагимович.Госплемстанция ауылының көркеюіне, құрылуына зор үлес қосқан Красноштанов Владимир Иванович.(1928 жылы дүниеге келді) Ол кісі Госплемстанция ауылын 1964-1969 жылдары басқарды. В.И.Красноштановтың басқаруымен 15 бес пәтерлік үйлер, астық сақтағыш, мектеп, медпункт, клуб салынды. Жолдасының З.П. Красноштанова айтуынша бұл кісінің ұйымдастыруымен екі күндік сенбілікте 6 гектар алма бағы, 2 гектар жидек отырғызылды. В.И.Красноштановтың кезінде жылу жүйесі, су мұнарасы салынды. Ауылдың өркендеуіне Б.Е.Сапашев жолдастың да еңбегі зор. Ұйымдастыру науқанына белсене қатысып, ауылдың шаруашылығын көтерді, 1982 жылы жол- грейдер салынуына бастау бағыт сілтеді, соңғы жаңа үйлер сол кісінің ұйымдастыруымен салынды.
Ауылдың дүниеден өткен соғыс ардагерлері
Бұдан 76 жыл бұрын,1945 жылғы мамырдың 9-ында ҰОС жеңіспен аяқталды. Біздің халыққа бұл жеңіс аса қымбатқа түсті. Бұл жеңісте жоғары бас қолбасшыдан бастап қатардағы сарбазға, қарапайым жұмысшы мен колхозшыға дейін, әркімнің де еңбегі зор. Бұған біздің де ауылымыздың тұрғындары да елеулі үлесін қосты. Бүкіл елмен бірге олар майдан мен жау тылында ерлікпен шайқасты, зауыт-фабрикаларда, алқаптар мен фермаларда майдан маны мен тылдағы госпитальдарда жан аямай еңбек етті. Олардың өмірі мен ерлігі еш уақытта ұмытылмақ емес!
Ұлы Жеңіс үшін, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі күрескен ерлер бейнесін ел жадынан өшірмеу – біздің ортақ парызымыз. Жас ұрпақ ата-бабалардың даңқты жолын тегіс біліп, келешекке жеткізе білу керек. Осындай билік мұратпен, жас ұрпақтың отаншылдық сезімін қалыптастыру, оларға ата-бабаларымыздың ерлік мұрасын табыс ету мақсатында аталмыш парақтар шығарылып отыр. Жарқын беттерде мына соғыс ардагеріміз орын алды: Баймұханбетов Сатай, Победимов Сергей, Сагинов Бакон, Махметов Қапиз,Ушанов Мендығали,Садыков Нұрыш, Сұлтанов Қажеттер,Сапаралиев Берқайыр,Қуанышқалиев Өтежан,Нұғманов Бекес,Баймұхамбетов М,Бистров К,Вернигор В,Плахида М,Щербаков А,Чесноков М,Ефремов В,Юдичев Н.
1921 жылы 15 маусымда Орал облысы Чапаев ауданы Шалқар ауылында дүниеге келді. Білімі – бастауыш. 1939 жылы Орал облыстық Госконюшняға жұмысқа атбегі ретінде алынады.1943 жылы соғысқа аттанады. Соғыста Берлинге дейін барған. 1993 жылы тамыз айында дүниеден озады.
15 мамыр 1915 жылы Орал облысы Чапаев ауданы Шалқар Ауылында дүниеге келді. Білімі – бастауыш. 1939 жылы Фин соғысына, 1941 жылы ҰОС қатысты. Ленинград блокадосында, Сталинград шайқасында болып, Праганы құтқаруға үлес қосқан адам. Соғыстан кейін рыбцехта Шалқар жерінде еңбек етті.1950 жылы Теректі ауданы «Красная школа» ауылына қоныс аударып, бакинщик жұмысына алынды. 1953 жылы Госплемстанцияға көшіп келді. Бастапқы уақытта жылқышы болып, 1961-1968 жылға дейін асыл тұқымды қой бақты. 1968 жылдан бастап ауруға байланысты жұмыс жасаған жоқ. 1975 жылы дүниеден өтті.
1900 жылы дүниеге келген. ҰОС ардагері, Юбилейный ауылына 1971 жылы көшіп келді. 1996 жылы 95 жасында дүниеден өтті. Баласы Ушанов Тілекқабыл, немересі Данияр баласымен осы ауылда тұрады.
1914 жылы Жаңақала ауданы Шалқар ауылдық кеңесінде дүниеге келген.Соғысқа дейін мұғалім болып жұмыс істеген.Майдан даласында Шығыс Пруссияны азат етуде үлкен ерлік көрсеткен.Немістердің Шығыс Пруссиядағы ең күшті ордасы Пиллау порты болған,сондықтан да ол жерде кескілескен ұрыс жүрген.Адам төзгісіз қиындықты бастан кешкен,кеңес жауынгерлері Нойхайзер деревнясын жаудан босатып,артынша Пиллау портын алған.Осы ұрыста көрсеткен ерлігі үшін Бекес атаға 1944 жылы екі рет Сталиннің бұйрығымен «Алғыс хат» берілген.Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін медальдармен,ІІ дәріжелі Отан Соғысы орденімен марапатталған.Соғыстан кейін де елдің жағдайын қалпына келтіруге,өркендетуге үлес қосқан.Бекес ата 1994 жылы 2 мамырда,Жеңіс мерекесі алдында дүниеден озды.
1923 жылы Орал қаласында дүниеге келген.1947 жылы Госконюшняға көшіп келді.Ұлы Отан соғысының ардагері.Госконюшняда ұрықтандырушы болып жұмыс жасады.1987 жылы дүниеден озды.
1925 жылы Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылында дүниеге келді.Жастығына қарамай өзі соғысқа сұранып кеткен.Ол Шығыс Пруссияны азат етуге улкен ерлік көрсеткен.Немістердің қоршауында қалып,ата-жауыммен бетпе бет,жекпе жек андысты.Сол жылы снарядтың жарылысынан ауызына оқ тиіп,тістерін қақратып түсірді.2001 жылы дүниеден озды.
Садыков Нұрыш
1921 жылы 15 қыркүйекте Орал облысы Тайпақ ауданында дүниеге келді. 8 сынып бітірді. Юбилейный ауылына 1949 жылы көшіп келген. Малшы жұмысына алынып, жоғары дәрежелі малшы атаққа ие болады. 1941 жылы майданға аттанып, Днепропетровск қаласына түседі.1944 жылы жараланып елге оралған. Отан соғысының ардагері ретінде еш жерге тіркелмей қалады. Соғыстан кейін Н Садыков 1949 жылдан бастап пенсияға дейін ауылдың жұмыстарына белсене араласып, еңбек етті. 2006 жылы дүниеден озды.
Сапаралиев Берқайыр
1919 жылы 1 қаңтарда дүниеге келді.1939 жылы соғысқа аттанып,2-ші Украина Фронтында Болгария,Румыния қалаларында соғысқа қатысты.Соғыстан кейін 1 жыл әскерде болып,1946 жылы соғыстан қайтты.Майданнан келіп «Қызыл-ту» колхозында механизатор болып жұмыс істеді.1956 жылы 20 қазанда СССР Жоғары Кеңестің қаулысы бойынша «Тың жерлерді игеру» атты медальмен марапатталған.1978 жылы 28 наурызда «СССР Қарулы Күштеріне 20 жыл» атты медалімен марапатталған.Неміс фашистікбасқыншыларында төзімділік,ерлік,қайсарлық көрсеткені үшін және 1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысының Кеңес Халқының 40 жылдығына орай СССР Жоғары Кеңесінің бұйрығымен 11 наурыз 1985 жылы ІІ дәріжелі Отандық Соғыс Орденімен марапатталады.1985 жылы 12 сәуірде 1941-1945 ҰО соғысының 40 жылдығына орай Жоғары Кеңес Президиумның атынан медалімен марапатталған.Сапаралиев Берқайыр 2005 жылы дүниеден озды.
Тыл ардагерлері
Ұлы Отан соғысы адамзат тарихында ең ұзаққа созылған,адамдарды да,техниканы да мол шығынға ұшыратқан алапат соғыс болды.Майдандағылар оқ астында ерлік көрсетсе,тылдағылар оларды қажетті,азық-түлікпен қамтамасыз етті.Майдан мен тыл жалғасып,Отан түгелдей соғыс жағдайында болды.Шындығында берік тыл болмаса,тек әскер күшімен жеңіске жету мүмкін емес еді.Төрт жылдан астам уақытқа созылған соғыс кезінде,әсіресе ауылдың жағдайы өте қиын болды.Ауылдағы қиындықты женуде бел шешпей еңбек еткен ауылдастарымыздың қажырлығын ерекше атап кеткен орынды.
Ауылымыздың тыл ардагерлері:
Мархабаев Байділда,Мағжанова Нәсіп,Садыкова Гүлжәміш,Габдушева Маруа,Климченко З,Кушкенбаев Тлеш,Баймұхамбетов,Жолдыбай ,Баубекова Муслима,Ақмұрзақызы Мүгілсін,Абдығалиев Ғұбайдолла,Әлдибекова Зағира,Бекмашева Ұлболсын,Сағынова Ұштаб,Сапаралиева Мунзиля,Сүндеткалиева А,Баймұханбетова Раушан,Сулеева Биязы
Мағжанова Нәсіп
1910 жылы 12 наурызда Орда ауданы Конезавод ауылында Суналиев Сунәлі көп балалы жанұясында дүниеге келді.Білімі-төрт жылдық.1934 жылы Мағжанов Хабибұлла атты азаматпен тұрмыс құрып,төрт баланы дүниеге әкелді.1943 жылы жолдасы соғысқа аттанды.Нәсіп әжеміз төрт баласымен,енесімен қалып,жолдасынын орнына май жинаушы жұмысын жасап,соғыс жылдары бойы,соғыстан да кейін 1952 жылға дейін ,жұмысын жалғастырды.Нәзік әйел үшін бүл жұмыс өте ауырға соқты .Таңмен бір аптаға дейін,150-200 шақырым жерге түйе арбамен «Сайхін» станциясына барып, баспамен жоғарыға шығып, 40 кг битонды көтеріп,цистернаға құяды екен.1944 жылы жолдасы хабарсыз жоғалып кетті деген қара қағаз келеді.Соғыс бітті.Үлкен қайнысы Наурыз да,кіші қайнысы Өрес де соғыстан оралмады.Енесі құса ауруына шалғып,қайғыдан қайтты.1950 жылы Нәсіп әжеміз Испенбетов Еслямғалиға тұрмысқа шығады,және екі қайнысын,апасын,шешесін өз қарауына алады.Тағы бес бала дүниеге келеді..Ордада Нәсіп әженің көп жылдар тұрған «Нәсіп қыстау» атты жер бар.1953 жылы «Капустин Яр» полигоны ашылып,Нәсіп әжеміз жанұясымен Пятимар совхозына көшіп келеді.Бұл жерде конезаводта 1958 жылға дейін жұмыстанып келеді.1976 жылы жолдасы Еслямғали дүние салады.Үлкен балаларынын көмегімен жанұясын көтереді.Нәсіп әжеміз 9 баланың анасы,24 немере,30 шөбере сүйген абыз әже.1980 жылдан бастап Госплемстанция ауылында кенже баласы Зұлқарнай,келіні Күләш,немерелері Нұрлан,Ербол,Дамирмен бақытты өмір кешті.2010 жылы 100 жасында дүниеден озды.
Садыкова Гүлжәміш
1931 жылы 8 наурызда Астрахан облысы Баскунчак ауылында дүниеге келді.Балалар үйінде тәрбиеленді.Ауыл азаматына тұрмысқа шығып,5 ер бала,1қыз дүниеге әкелген.Білімі-төрт жылдық.13 жасынан ауылдын жұмыстарына араласқан:қой қырқып,мал бағумен айналысқан.Юбилейный ауылында 1948 жылдан бастап тұрады.Алты баланың анасы.1913 жылы 82 жасында дүниеден озды
Хамзин Бақытжан
1936 жылы 1 қаңтар Жымпиты ауданы Көкөріс ауылында дүниеге келді.Білімі орта.13 жасынан ауылдың шаруашылық жұмыстарына араласады. Юбилейный ауылының молдасы болды,зайыбы Майзада әжемен бақытты өмір кешті,2018 жылы 82 жаста өмірден озды.
Габдушева Маруа Серікқызы
1930жылы 5 мамыр Жымпиты ауданы Алғабас ауылдық округі Қызылту ауылында дүниеге келді.Әкесі Серік,анасы-назира.Отбасында төрт ағайынды болған.Үш қыз,бір ұл.жеті жылдық мектепті бітірген.Арабша,немісше хат таныған.Тосынан келген сұрапыл соыс ерте есейткен 10-11 жасында айналадағы ер азаматардың жаппай майданға аттанғанына байланысты,тылда еңбек еткен.Алғашқы кезде қойдың жүнінен биялай,шұлық тоқып ауылнайға тапсырып отырған.1943 жылдан бастап дөңгелекті трактор айдап,елде егін егіп,малға қысқы азық,жем-шөп жинауға үлкен үлес қосқан.Сонымен қатар Алғабас ауылы мен Орал қаласының арасында өгізарбамен жанармай тасыған.Соғыс жылдары колхоз бригадасында есепші болып қызметатқарған.1948 жылы Габдушев қабдылхалыққа тұрмысқа шыққан.10 ұрпақ дүниеге әкелген.43 жасында жесір қалған.заман түзеліп,еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін күміс алқа иегері атанған.Өте сауатты адам болған.2015 жылы 20 наурызда Теректі ауданы Юбилейный ауылында 84 жасында дүниеден озды.Жасы жетпістен асса да кітап оқып,өлең шығарып,баталарды жатқа білетін абыз әже еді.Баласы Ғалымжан,келіні Гүләйім,немерелері Әлия,Әсель,Берік қуанышына бөленген кісі.
Баймұхамбетов Жолдыбай Мұхамбетович
1927 жылы 15 желтоқсан Орал облысы Чапаев ауданы Шалқар совхозында дүниеге келді.Білімі-төрт жылдық.1942 жылы Орал госконюшняға атбегі болып жұмысқа алынды.1947 жылы армияға аттанады.1953 жылы қайтадан атбегі болып жұмысын жалғастырады.Москва қаласында жарыстарға қатысып,жүлделі орындарға ие болған.1957 жылы асыл тұқымды жылқы конюшнясының бригадирі,1960 жылы асыл тұқымды бұқаларды күтүшісінің көмекшісі болып жұмыстанды.1977 жылы асыл тұқымды бұқаларын күту аға малшысы болып тағайындалады.1974 жылы 13мамырда «Мастер животновоства І класса» квалификацияға ие болады.1987 жылы тунгі смендегі малшы,соңгы жылдары электрослесарь болып жұмыс жасады.2001 жылы дүниеден озды.
Ақмұрзақызы Мүгілсің
1924 жылы 24 қыркүйекте Орал облысы Жымпиты ауданы Аралтөбе кентіңде дүниеге келді.Білімі-төрт жылдық.Соғыс жылдарында ауыл шаруашылық жұмыстарға белсене араласып жүрді.1996 жылға дейін Жымпиты ауданында тұрып келді.Совхоздың 60 жылдығына бағалы сыйлықпен марапатталған,басқа марапаттары жоқ.Үш баланың анасы.1993 жылы Юбилейный ауылына көшіп келді.Баласы Қабибулла,келіні Алтынай,немерелері Архат,Қайратпен бірге тұрып,2006 жылы дүниеден озды.
Хамзина Майзада
1936 жылы наурыз айында Жымпиты ауданы Қосаба ауылында дүниеге келді.11 баланың анасы.Брежневтың уақытында «Мать-героиня» атағына ие болды, «Алтын Алқа» иегері.Бүгінде Майзада әжеміз Юбилейный ауылында тұрып жатыр,82 жаста.
Ефремова Валентина
Васильевна
1935 жылы 15 ақпанда Орал қаласында дүниеге келді.1954 жылы Победимов Сергей азаматпен тұрмыс құрып,Зеленов ауданында қоныстанады.1959 жылы Госплемстанцияға көшіп келеді.Бұл жерде әртүрлі шаруашылық жұмыс атқарады.12 баланың анасы.1971 жылы «Мать-героиня» атаққа ие болады.Жиенің Махметов Русланды кішкентайынан тәрбиелеп,оқытып өсіреді.Жиені Руслан мектепте бірінші сыныптан 11 сыныпқа дейін үздік оқушы болды.2012 жылы ҰБТ нәтижелері бойынша 118 балл жинап «Алтын белгі» иегері атанды.Кәзіргі танда Валентина әжеміз Юбилейный ауылында тұрып жатыр,жасы 82 де.
Мархабайұлы Байділда
1927 жылы 3 қаңтарда,бұрынғы Орал облысы,Тайпақ ауданы,Өлеңті ет сохозында шаруа жанұясында дүниеге келді.Жеті сынып бітірген білімі бар.Жастайыннан шаруаға араласып,әкесіне көмекші-жылқышы болып еңбек еткен.Совет Армиясы қатарында болып,жүргізішілік курсін аяқтап,колхозда жүргізіші болып жұмысқа кірген.Өлеңті совхозында еңбек демелысына шыққанша дейін жүргізуші болып еңбек еткен.2012 жылы қазан айының 3 күні дүниеден озды.
Абдығалиев Ғұбайдолла
1930 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жанақала ауданы,Шалқар ауылында дүниеге келген,1958 жылдан бастап-партия мүшесі.1944 жылдан 1986 жылға дейін аға малшы болып Бостандық,Коммунизм,Энбекский,Восход ауылдарында аға малшы болып еңбек етті.Госплемстанцияға 1973 жылы көшіп,1984 жылға дейін шабан болып жұмыс істейді.1984 жылдан 1986 жылға дейін Калинин ауданы Қалмақ совхозында аға малшы болып жұмыс жасады.
Сапаралиева Мүнзиля Саңбайқызы
1928 жылдың 7 қараша күні Қызыл Ту колхозы Алғабас ауылында дүниеге келді.13 жасынан бастап,мал бағып,шөп жинап басқа да ауылдың жұмысына араласты.1946 жылы Сапаралиев Берқайырмен бас қосып,алты баланы дүниеге әкелді.Қызыл ту ауылында бригадаларда аспазшы болып жұмыс жасады.Сол жерде зейнеткерлікке шықты.1984 жылыТеректі ауданы Госплемстанция ауылына отбасымен көшіп келеді.1998 жылы 4 наурыз күні дүниеден озды
Әлдибекова Зағира
1920 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысы Нарынкөл (қазір Райымбек) ауданының Сарыбастау ауылында дүниеге келген.Жолдасы Шонжыбаев Сәрсей 1942 жылы армия қатарына алынып,1944 жылы соғыста қаза болды деп,қара қағаз келген.Екі ұл,үш қыз тәрбиелеп өсірген.1949 жылы ауылда сауатын ашу үшін кешкі мектепті өз құрбылармен бірге оқып,әрі жазып,оқып хат таныған.Жас кезінен бастап Ленин атындағы колхозда еңбек етті.Колхоздық қой төлдету,қырқу,егін салу,егінді су дийрменіне арбамен апарып,одан алыңған ұнді колхоздың складына әкеліп тапсырған.1960 жылдан бастап колхоздағы бала бақшасында жұмыс жасады.Бірнеше рет колхоз басқармасының алғыс грамоталарының иегері атанған.1952 жылы КПСС мүшесіне қабылданған.Өзінің білімін көтеруымен шұғылданып отырған.1966 жылы 1 қыркүйек айынан бері ұлы Сәрсеев Ермектің Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын бітіріп,Орал облысына жолдамасымен келуге байланысты,өмірдің соңғы кезіңе дейін Орал облысында өмір сүрді.Соғыс жылдары және одан кейінгі жылдары колхоздың әр-түрлі жұмыстарын жасап,ұл-қыздарының оқуына жағдай жасап,аналық сезімін,аяулы алақанының ыстық лебін,ұрпақтан тараған немере-жиендеріне деген аналық,әжелік мейрімін еш уақытта аямаған.1981 жылдың қазан айының 19-да өмірден өтіп,Госплемстанция ауылында мәңгілік мекенінде топырақ бұйырды.
Ауған соғысының ардагері
«Ерлік – саналы әскери тәрбиенің жемісі. Өзіңді саналы түрде қауіп – қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, бүгінде Бейбітшілік кезінде Ауғанстанда әскери борышын өтеген Баймұханбетов Жәрдем Сатайұлы ағаларымыз қазір біздің ауылда өз жанұясымен тұрып жатыр. Кезінде қатерге бел буып, батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсетіп қаһармандық танытқан өзінің әскери парызына адал болған жерлесімізді біздер мәңгі мақтан тұтамыз. Баймұханбетов Жәрдем Сатайұлы 1959 жылы 22 тамызда Госплемстанцияда дүниеге келді. Білімі – орта. 1975 жылы Шаған орта мектебін бітіріп, ауылда малшы жұмысына араласады. Семья жағдайына байланысты ерте үйленеді. 1979 жылы 9 мамырда әскери қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын Украинада «Белая Церковь» қаласында өтейді. 1979 жылы желтоқсан айының аяғында Ауғанстан жеріне ауысады.
1980 жылдары Ауғанстан аумағындағы Суруби, 1981 жылдары Черекар, Джасталь – Уссарадж жерлерінде дұшпандармен шайқасады. Ұрыстағы ерліктері үшін бірнеше медальдармен марапатталған (7 медалі бар). Ол 1981 жылы елге аброймен оралды. Сол мағынасыз соғыстан 20 жылдан астам өтсе де, ерлік ескерусіз қалмауда. 15 ақпан – Ауған соғысының жауынгерлері үшін ерекше күн. Өмірлік зайыбы Рысты апай, баласы Еркін, келіні Нүргүл, бес немересі бар. 2020 жылдың маусым айының 24-і күні дүниеден озды.
Чернобыль ардагері.
Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында 1986 жылы сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды.Чернобыль апатының нәтіжесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоктивтік ластануға ұшырап,адамдар өміріне қауіп төнді.1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып оғашталды.Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды.Сол жерге біздің де жерлесіміз Аишев Кенжебай военкоматтың бұйрығымен аттанады.Аишев Кенжебай 1955 жылы 12 тамызда Анқаты кеңтіңде дуниеге келді.Сегіз жылдықты бітіріп ауылдың жұмыстарына белсене араласады.1974-76 жылдары Забайқальяда Отан алдындағы борышын өтейді.1987 жылы военкомат арқылы шофер ретінде Чернобыль қаласына тартылады.Қазіргі таңда Кенжебай ағамыз жұбайы Нұрсұлу,баласы Эльнұрмен бірге Юбилейный ауылында тұрып жатыр.
Кітапхана тарихы
Юбилейный ауылдық кітапханасы ауылдың орталығында орналасқан. Ауыл тұрғындарының мәліметтері бойынша кітапхана 1974 жылы құрылған. Кітапхананың алғашқы қызметкерлері Шарманова.А, Климченко.М. 1993 жылға дейін осы кітапханада қызмет атқарды. 1993 жылдан 1994 жылға дейін Пермякова Р, 1994 жылдан – 2010 жылдың қыркүйек айына дейін кітапхана меңгеруші қызметін Испенбетова Куляш Халелқызы атқарып келді. Испенбетова Куляш Халелқызы 21 қазан Саратов облысы, Федоров ауданы Спартак ауылында дүниеге келеді. 1972 жылы Маркс қаласындағы медициналық училищесіне түсіп, 1975 жылы бітіріп шығады. 1975-1978 Саратов облысында ауруханада жұмыстанады. 1978 жылдан 1982 жылға дейін Орал облыстық ауруханада еңбек етеді. 1982 жылы шілде айында Юбилейный ауылының азаматымен тұрмыс құрып, 1982 жылдан 1994 жылға дейін осы ауылда лабораторияда жұмыстанады. 1994 жылы 1 ақпаннан бастап ауылдық кітапханаға жұмысқа алынады. Жұмыс істеген жылдарда Куляш Халел қызы өз ісіне шын берілген, істеген жұмыстарына тиянақты, ұқыпты іскер, алдына қойған мақсатын нәтижелі аяқтауына тырысты. Ауыл халқының мәдениетін көтеруге, ауылда кітапхана жұмысын жаңғырту, әдебиет пен ғылымның жетістігін үзбей насихаттауға, оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыруда жұмыс түрлерін пайдалана отырып,біршама жұмыстар атқарып келді. Бір айта кететін жай,1995-1996 жылдары дағдарыс кезінде, ел экономикасы үлкен қиындыққа ұшырап кітапхананы жаптыруға тура келді. Сол кездегі басшымыз Сарсеев Е.С. Қол ұшын беріп,кітапхананы жаптырмауға үлес қосты. «Айына бір қап ұн беріп тұрамын, осыған келісесіз бе?»- деп сұрады. Сонда Күляш апамыз тартынған жоқ. Осы кісінің арқасында ауылда кітапхана осы уақытқа дейін жұмыс жасауда. Еңбекқор,өз ісіне әрдайым жауапкершілікпен қарайтын Күляш Халелқызын,біздер ауылдастар,ерекше құрметпен,қадір тұтамыз. Қазіргі таңда кітапхана қызметін Қуанышқалиева Ирина Борисқызы атқарып келеді. Кітапханашы қызметіне 2010 жылы қыркүйек айынан бастап тағайындалды. Кітапхананың жалпы көлемі – 77,74 шаршы метр.Кітапхананың оқу залы (33,58кв\м) кітап қоры залы (32,66кв\м) қосалқы бөлмелері (11,5кв\м) бар. 1 қаңтар 2012 жылғы мәліметі бойынша, кітапхана қоры-9538 дана кітап, соның ішінде қазақ тілінде әдебиеттер – 1730 дана. Оқырмандар саны – 222адам.Үлкен кісілер – 129,оқушылар 15 жасқа дейін – 64,жасөспірімдер 16 дан 21 жасқа дейін – 29.Кітап берілімі – 6858 дана, келушілер саны – 4553 адам. Кітапхана мектеппен, ауылдық мәдениет бөліммен тығыз байланыста. Ауылдың бұқаралық-мәдени шаралар бірлесіп өткізіледі.2015 жылы кітапхана ескі мектеп ғимаратына көшірілді.2019 жылдың 1 қаңтар бойынша кітап қоры-10413дана кітап.
Ауылдық фельдшерлік пункті
Ауылдық фельдшерлік пункті 1968 жылы ашылды. Фельдшерлік пунктін алғашқы фельдшерлері – Сафарова.М, Науанова.Т.
1982 жылдан бастап 2011 жылдың желтоқсан айына дейін фельдшер қызметін Искараева.Г. атқарып келді.
2011 жылы фельдшерлік қызметіне Ажгулова Мархабат тағаиндалады. 2011- 2013 жылға дейін жұмыстанады.
Казіргі таңда ауылдық фельдшерлік пунктінің фельдшері-Ушанова.Назгүль.
Ауылымыздың өсіп өркендеуі
2011 жылы желтоқсан айында ауылға көгілдір отын кіргізілді.
2015 жылы ауылымызда 108 орындық мектеп салынып,қыркүйек айында іске қосылды.Мектеп барлық замануи техникамен жабдықталған.
2015 жылы күзде ауылымыздың орталығында демалатын саябақ ашылды.Саябақтың ішінде Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің рұхына ескерткіш салынды.Мемореалдық тақтаға ауылымыздың дуниеден өткен ҰОС ардагерлерінің есімі қашап жазылған.Осы саябақта ауылымыздың ірі мерекелері өткізіледі.
Жаңадан 250 жер теліміне жарық жүргізіліп,болашақта мәдениет үйі,балабақша салынады.2019 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасымен әр үйге ауыз су жүргізілді.
2021 жылы 22 маусымда ауыл орталығы саябағында тыл ардагерлеріне ескерткіш тақта ашылды.
Жол салыну басталады.
Осындай жылдан-жылға өсіп көркейіп келе жатқан ауылымыздың болашағына зор үмітпен қараймыз.
"Аспен" шаруа қожалығы
«Аспен»шаруа қожалығы (ШҚ) 2013 жылы құрылған.
Жетекшісі Уринбаев Турсынгали. 1955 жылы бұрынғы Тайпақ ауданы Құрайлысай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы мектепті тамандаған. 1974-1976 жылдары Дағыстан Республикасы Махачкала қаласында әскери борышын өтеп, 1976-1979 жылдары техникумда мал дәрігері мамандығы бойынша білім алған. 1979-1992 жылдары аралығында Тайпақ ауданы совхоздарында мал дәрігері қызметін атқарған. 1992-2005 жылдары жеке шаруашылықтарда шаруашылық меңгерушісі болып қызмет атқарған. 2005 жылы Госплемстанция (Юбилейное) ауылына көшіп келіп, 2005-2019 жылдары аралығында Госплемстанция ЖОББМ-де шаруашылық меңгерушісі болып қызмет атқарған.
«Аспен»ШҚ бағыты көкөніс, бау- бақша өсіру. ШҚ ашылғалы қияр, қызанақ, қарбыз, қауын, картоп т.б. дақылдар өсіріп келеді. ШҚ Юбилейное ауылы Барбастау өзені жағасында орналасқан. Көкөніс бау-бақша дақылдарын тапшылатып суару әдісімен суарады.
Кітапхананың сыртқы келбеті
Кітапханашы қызметіне 2010 жылы қыркүйек айынан бастап тағайындалды.
Ауылдық фельдшерлік пункті
Ушанова Назым Мирмановна
1977 жылы дүниеге келген. Он жылдық мектепті Сырым ауданы, Бұлдырты совхозынан бітірген. 1995 жылы Орал қаласындағы медициналық училищеге түсіп, 1997 жылы бітірген. Еңбек жолын қаладағы психикалық больницада бастаған. Содан 2013 жылдан бастап осы Юбилейное ауылында фельдшерлік қызметте еңбек етіп келеді.
Ахметова Лиза
Батыловна
1973 жылдың 6 қазан айында дүниеге келген.
2009 жылдың ақпан айынан бастап ауылымыздың дүкенінде қызмет артқарып келеді. Жаңа Өмір ауылының тумасы.