Теректі ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан аудан. Аудан Батыс Қазақстан облысы құрамында 1933 жылы құрылды. Әкімшілік орталығы - Теректі ауылы, Орал қаласынан 46 км жерде орналасқан. Ауданның аумағы - 8.4 мың шаршы км., Батыс Қазақстан аумағының 5.6 % бөлігін құрайды.
Теректі ауданы
Әкімшілігі
Аудан орталығы Теректі
Ауылдық округтер саны 15
Ауыл саны 52
Тарихы мен географиясы
Координаттары 51°07′20″ с. е. 51°58′43″ ш. б. (G) (O) (Я)
Координаттар: 51°07′20″ с. е. 51°58′43″ ш. б. (G) (O) (Я)
Құрылған уақыты 1933
Жер аумағы 8,4 мың км²
Уақыт белдеуі UTC+5:00
Тұрғындары
Тұрғыны 38 086[1] адам (2019)
Ұлттық құрамы қазақтар (81,85%),
орыстар (12,31%),
Сандық идентификаторлары
Пошта индексі 091100- 091129[4]
Аудан Жайық өзенінің сол жағалауында орналасқан. Аудан солтүстігінде Жайық өзенімен, батысында Орал қаласы, шығысында Бөрлі ауданымен және оңтүстігінде Сырым және Ақжайық аудандарымен шектеседі. Топырақ - климат қорын және ауыл шаруашылығының бәсекеге төтеп беретін жағдайын есепке ала отырып аудан аумағы екі табиғаттық - экономикалық кеңістікке бөлінген: ауыл шаруашылық кеңістік - далалық дәнді дақылдық - мал шаруашылығы (ауданның солтүстік бөлігі,онда бонитет балы 20 дан 36 ға дейін қара - каштанды және каштанды топырақ таралған); ауылшаруашылдық кеңістік - сырталды, малшаруашылық - дәнді дақылдар аумағы (ауданның оңтүстік бөлігі, онда бонитет балы 16 дан 28 ге дейін болатын ақшыл - каштанды топырақ таралған).
Аудан аумағында Батыс Қазақстан облысындағы ең үлкен Шалқар көлі (360 ш.км.) орналасқан.
Халқының саны 2019 жылы 38 086 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 81,85%, орыстар – 12,31%, басқалары — 5,84%.
52 елді мекен 15 ауылдық округтерге біріктірілген:
↑ Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті. 01.07.2019
↑ Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі. Қазақстан Республикасы тұрғындарының облыстар, қалалар мен аудандар, жынысы мен жас ерекшелігі топтары, этностық бөлігі бойынша 2019 жылдың басындағы саны
↑ 2019 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы
[көрсет ►]