Мектеп тарихы
Госплемстанция бастауыш мектебі 1954 жылы орыс тілі негізінде құрылып, директоры Головко Федор Григорьевич 1969 жылға дейін осы мектепте қызмет атқарған.
1969 жылдан 1983 жылға дейін директор міндетін Құсайнова Райса Давлетовна атқарып келеді.
1983-1992 жылдар арасында осы мектептің меңгерушісі қызметін Мұлжасова Софья Камешқызы жалғастырды.Мұлжасова Софья Камешқызы бұл мектепте 1969 жылдан бастап еңбек өтілін бастады. Қызмет атқарған жылдарда мектеп біраз жетістіктерге жеткен. 1984-1985 оқу жылында арналған социолистік жарыстық мектепті дайындауда ең жақсы әзірлігі үшін І орын мақтау қағазымен марапатталған. Жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда жеткен табыстары үшін мектеп және Софья Камешқызы «Мақтау қағазы», «Құрмет грамотасы», «Алғыс хат» тармен облыста және аудан бойынша мадақталып отырған.
Еліміздің тәуелсіздігін алғанына орай ауылдық мектепте қазақ сыныптары ашылған. Бұл кезде,яғни 1993 жылы мектеп директоры міндетін Темиргалиева Светлана Ибрагимқызы атқарып келеді.
2003 оқу жылында Госплемстанция негізгі мектебінің директор лауазымына Әлмұханбетов Ғабит Сәбитұлы тағайындалған.Мектепте 18 мұғалім жұмыстанады. 1 мұғалім жоғары санатты, екеуі – І санатты, тоғызы – ІІ санатты. Қалған 6 мұғалім жас мамандар. Мектеп – 9 жылдық. Оқушылар саны – 55 адам.
2015 жылы жаңа 108 орынға 11 жылдық мектеп салынды.Мектеп директоры Тухтарова Венера Мақсотқызы тағайындалды.
2019 жылында Госплемстанция жалпы орта білім беретін мектебінің директор лауазымына Амандыкова Гулдарига Гарифоллиевна тағайындалды.
Мектеп директорлары
Головко Федор Григорьевич
1954-1969 жыл аралығында қызмет еткен
Құсайнова Райса Давлетовна
1969-1983 жыл аралығында қызмет еткен
1969-1993 жыл аралығында қызмет еткен
1993-2003 жыл аралығында қызмет еткен
2003-2015 жыл аралығында қызмет еткен
2015-2019 жыл аралығында қызмет еткен
1984 жылы 6 тамызда Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылында дүниеге келген.Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебін 2002 жылы бітіріп, Ақтөбе қаласындағы Гуманитарлық колледжін "Бастауыш сынып және ағылшын" пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алып, қызыл дипломмен бітірді. Диплом қолына алған соң алғаш еңбек жолын Қоскөл ЖОББМ - де бастап, 2007 жылы Теректі ауданы Жаңа Өмір ауылында Шаған ЖОББМ-де тәлімгер болып қызмет атқарды. 2010-2012 жылдары "Іс үшін- За дело"ЖҚБ төрайымы болып аудандық жастар саясатын дамытуға өз үлесін қосты. 2012-2019 жылдар аралығында Шаған ЖОББМ-де директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызыметін атқарып, 2019 жылдан бастап Госплемстанция ЖОББМ директоры қызметіне тағайындалды.Қазіргі уақытта мектеп оқушылары мен мұғалімдердің Іт құзіреттілігін дамыту, үш тілділікті арттыру бағытында НЗМ іс- тәжірибесін енгізіп,оқушылардың шығармашылығын шыңдауда жобаларды жүзеге асырып жүр. Осы еңбек еткен аралықта 2016 жылы аудандық білім беру бөлімінің алғыс хатымен, 2017 жылы облыстық білім беру бөлімінің алғыс хатымен, 2018 жылы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталса, 2018 жылы аудандық "Үздік көшбасшы" байқауының жеңімпазы атанды. 2020 жылы сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Қазіргі уақытта үш баланың анасы.Білімі жоғары ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ : Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ-деп бекер айтпаған.
Мектеп ұжымыдары мықты мамандар, өз істерінің шеберлері. Мектебімізде заман талабына сай жабдықталған. Оқушыларымыздың білім алуына, іт құзіреттіліктерін арттыруына мүмкіндік көп.
Өз мамандығыммен жұмыс жасап ,адал нанымызды тауып отырған Госплемстанция Жоббм -мен МАҚТАНАМЫЗ🤗🤩