Бәйтерек ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігіндегі әкімшілік бөлініс.
Бәйтерек ауданы
Әкімшілігі
Аудан орталығы Перемётное
Ауылдық округтер саны 22
Ауыл саны 68
Тарихы мен географиясы
Координаттары 51°10′11″ с. е. 50°44′40″ ш. б. (G) (O) (Я)
Координаттар: 51°10′11″ с. е. 50°44′40″ ш. б. (G) (O) (Я)
Құрылған уақыты 1939
Жер аумағы 7,4 мың км²
Уақыт белдеуі UTC+5:00
Тұрғындары
Тұрғыны 57762[1] адам (2019)
Ұлттық құрамы қазақтар (58,71%),
орыстар (34,88%),
украиндар (1,91%),
татарлар (1,48%),
Сандық идентификаторлары
Пошта индексі 090600—090628[4]
Аудан облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан, 1939 жылы құрылды, 1997 жылы аудан құрамына Приурал ауданы енді. Аумақ бедері оңтүстігінде өзен, сайлар және құрғақ аңғарлар кесіп өтетін және солтүстігінде 100 және одан аса метр биіктікті құрайтын толқынды жондары бар (Үлкен Сырт сілемінің суайрығы) ойпатты жазықтан тұрады. Орталығы – Перемётное ауылы. Ауданның жалпы көлемі - 7,4 мың шаршы шақырым.
Тұрғындар саны 57762 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (58,71%), орыстар (34,88%), украиндар (1,91%), татарлар (1,48%), басқалары (3,02%).
Аудандағы 68 елді мекен 22 ауылдық округке біріктірілген:
Атамекен ауылдық округі – Атамекен ауылы
Белес ауылдық округі – Белес ауылы
Дариян ауылдық округі – Дарьинское ауылы
Достық ауылдық округі – Достық ауылы
Зелёнов ауылдық округі – Зеленое ауылы
Көшім ауылдық округі – Үлкен Шаған ауылы
Құрманғазы ауылдық округі – Құрманғазы ауылы
Макаров ауылдық округі – Макарово ауылы
Махамбет ауылдық округі – Махамбет ауылы
Мичурин ауылдық округі – Мичуринское ауылы
Перемётный ауылдық округі – Переметное ауылы
Раздольный ауылдық округі – Раздольное ауылы
Рубежин ауылдық округі – Рубежинское ауылы
Сұлукөл ауылдық округі – Сұлу көл ауылы
Трёкин ауылдық округі – Трекино ауылы
Чиров ауылдық округі – Чирово ауылы
Шалғай ауылдық округі – Шалғай ауылы
Щапов ауылдық округі – Щапов ауылы
Янайкин ауылдық округі – Янайкино ауылы
Январцев ауылдық округі – Январцев ауылы
Ауданның негізгі табиғи су ресурстары Шаған саласымен (116 км) Орал өзені (184 км), Көшім (48км), Ембулатовка (99 км) Рубежка (82 км), Быковка (90 км) және сондай-ақ Киров бөгені мен Орал-Көшім суландыру жүйесі және негізінен ауданның солтүстік бөлігінде орналасқан 99 әуіт пен апандар болып табылады. Топырағы саз бен саздақтан тұрады, кей жерлерінде құм және сор топырақ кездеседі. Солтүстігінде жері қара топырақты.
Шаруашылықтағы негізгі бағыт - егін шаруашылығы. Егін шаруашылығымен қатар, негізінен ет-сүт бағытындағы мал шарушалығы дамыған.
Бәйтерек ауданы I ауылшарушылық аумаққа жатады. Бұл аумақта дәнді, майлы дақылдар, жемшөптер, қартоп және көкөніс, жеміс-жидек, екпе ағаштары жинақталған. Мұнда сүтті мал шаруашылығы, шошқа және құс өсіру және ет-жүнді қой шаруашылығы жақсы дамыған.[6]
↑ Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті. 01.07.2019
↑ Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі. Қазақстан Республикасы тұрғындарының облыстар, қалалар мен аудандар, жынысы мен жас ерекшелігі топтары, этностық бөлігі бойынша 2019 жылдың басындағы саны
↑ 2009 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы
↑ Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы
↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том 3 бөлім