Әкімшілігі
Аудан орталығы Жәнібек
Ауылдық округтер саны 9
Ауыл саны 18
Тарихы мен географиясы
Координаттары 49°24′39″ с. е. 47°44′18″ ш. б. (G) (O) (Я)
Координаттар: 49°24′39″ с. е. 47°44′18″ ш. б. (G) (O) (Я)
Құрылған уақыты 1922
Жер аумағы 8,2 мың км²
Уақыт белдеуі UTC+5:00
Тұрғындары
Тұрғыны 16 147[1] адам (2019)
Ұлттық құрамы қазақтар (98,09%),
Сандық идентификаторлары
Пошта индексі 090500- 090508[4]
Шығысында Казталов, оңтүстігінде Бөкейорда, батысында Ресейдің Волгоград (Паллас ауданы) , солтүстігінде Саратов облыстарымен (Новоузен ауданы) шектеседі. Аудан орталығы - Жәнібек. Аудан 1922 жылыы құрылған. Аудан аумағы 8,2 мың шаршы шақырым.
Халқының саны 2019 жылы 16 147 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 98,09%, орыстар — 1,46%.
18 елді мекен 9 ауылдық округтерге біріктірілген:
Шаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылса, соның ішінде етті мал және етті-жүнді қой шаруашылығы. Мал шаруашылығымен қатар тауар өнімдерінің белгілі бөлігін егін шаруашылығы бағытындағы өнімдер құрайды.
Ауданда 17 жалпы білім беретін мектеп, олардың 10 жалпы орта білім беретін, 2 негізгі және 5 бастауыш мектеп жұмыс жасайды.[5][6]
↑ Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті. 01.07.2019
↑ Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі. Қазақстан Республикасы тұрғындарының облыстар, қалалар мен аудандар, жынысы мен жас ерекшелігі топтары, этностық бөлігі бойынша 2019 жылдың басындағы саны
↑ 2009 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы
↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
↑ "Қазақ Энциклопедиясы"