Шыңғырлау ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Орталығы – Шыңғырлау ауылы, Орал қаласына дейінгі қашықтығы – 225 км. Аудан 1928 жылы құрылған. Аумағы 7,2 мың шаршы км тең.
Шыңғырлау ауданы
Әкімшілігі
Аудан орталығы Шыңғырлау
Ауылдық округтер саны 9
Ауыл саны 25
Тарихы мен географиясы
Координаттары 50°40′48″ с. е. 53°55′12″ ш. б. (G) (O) (Я)
Координаттар: 50°40′48″ с. е. 53°55′12″ ш. б. (G) (O) (Я)
Жер аумағы 7,2 мың км²
Уақыт белдеуі UTC+5:00
Тұрғындары
Тұрғыны 14 744[1] адам (2019)
Ұлттық құрамы қазақтар (85,54%),
орыстар (7,40%),
Сандық идентификаторлары
Пошта индексі 091200- 091210[4]
Торыатбас
Оңтүстігінде Қаратөбе, батысында Сырым, Бөрлі ауданы, солтүстігінде Ресейдің Орынбор облысы, шығысында Ақтөбе облысы Қобда ауданымен шектеседі. Аудан аумағының жер бедері тегіс. Ең ірі өзендер: Елек, Шыңғырлау, Ащы, Шилі, олардың жалпы ұзындығы 350 км. Тұщы және тұзды көлдер: Сұлукөл, Қонақай, Соркөл (278 шаршы км). Аудан аумағында дәнді-жусан шөптері бар қара топырақты жерлер басым.
Халқының саны 2019 жылы 14 744 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 85,54%, орыстар – 7,40%, басқалары — 7,06%.
25 елді мекен 9 ауылдық округтерге біріктірілген:
Шаруашылықтардың негізгі бағыты – астық бағытындағы дала шаруашылығы болып табылады. Дала шаруашылығымен қатар ет-сүт бағытындағы ірі қара шаруашылығы дамыған.
↑ Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті. 01.07.2019
↑ Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі. Қазақстан Республикасы тұрғындарының облыстар, қалалар мен аудандар, жынысы мен жас ерекшелігі топтары, этностық бөлігі бойынша 2019 жылдың басындағы саны
↑ 2019 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы