Ақжайық ауданы
Ақжайық ауданы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ақжайық ауданы — Батыс Қазақстан облысының орталық аймағындағы әкімшілік аудан. 1997 жылға дейін "Чапаев ауданы" деп аталған.[5] Жерінің аумағы 25,2 мың км2. Орталығы — Чапаев ауылы
Ақжайық ауданы
Әкімшілігі
Аудан орталығы Чапаев
Ауылдық округтер саны 18
Ауыл саны 49
Тарихы мен географиясы
Координаттары 49°42′50″ с. е. 51°39′43″ ш. б. (G) (O) (Я)
Координаттар: 49°42′50″ с. е. 51°39′43″ ш. б. (G) (O) (Я)
Құрылған уақыты 1997
Жер аумағы 25,2 мың км²
Уақыт белдеуі UTC+5:00
Тұрғындары
Тұрғыны 40574[1] адам (2019)
Тығыздығы 1,8 адам/км²
Ұлттық құрамы қазақтар (95,76%),
орыстар (3,42%),
Сандық идентификаторлары
Пошта индексі 090100- 090120[4]
Аудан Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігін алып жатыр. Климаты аса құбылмалы. Орташа ауа температурасы қаңтарда — 13-14°С, шілдеде 23-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. Ақжайық ауданының жерін Жайық өзені жарып ағады.
Ақжайық ауданының жері шөлейтті белдемге жатады. Топырағы негізінен қызғылт қоңыр, сортаң болып келеді. Өсімдіктерден: селеу, бетеге, еркек шөп, көкпек, жусан т.б. өседі. Жануарлардан: негізінен қасқыр, шиебөрі, түлкі, суыр, бөкен, елік, жабайы шошқа, құстан: қаршыға, құр, үкі, қаз, үйрек, тырна т.б. мекендейді.
Ауданда май және нан зауыттары, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, жол жөндеу учаскесі, астық қабылдау пункті, тамақ комбинаты, орман шаруашылық кәсіпорны жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық жерінің ауданы 12,8 мың га (1997), оның ішінде егістік — 14%, шабындық — 11%, жайылым — 72%. Суармалы дәнді дақылдар, картоп, көкөніс және бақша дақылдарын өсіру дамыған. Аудан тұрғындары мүйізді ірі қара, қой, ешкі, шошқа, жылқы, түйе өсірумен айналысады. Аудан жері арқылы Орал — Атырау, Чапаев — Жаңақала, Чапаев — Фурманов автомобиль жолы өтеді. Музыка, спорт мектебі, кәсіптік-техника учильище, кітапханалар, мәдениет үйлері, кинотеатрлар, аурухана т.б. бар. 1931 жылдан қазақ, орыс тілдерінде аудандық “Еңбек”, “Труд” газеттері шығады.
Тұрғыны 40574 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (95,76%), орыстар (3,42%), басқалары (0,82%). Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км2-ге 1,8 адамнан келеді.
Аудандағы 40 елді мекен 18 ауылдық округке біріктірілген:
Ақжол ауылдық округі – Ілбішін ауылы
Ақсуат ауылдық округі – Ақсуат ауылы
Алғабас ауылдық округі – Алғабас ауылы
Алмалы ауылдық округі – Алмалы ауылы
Базартөбе ауылдық округі – Базартөбе ауылы
Базаршолан ауылдық округі – Базаршолан ауылы
Бударин ауылдық округі – Бударин ауылы
Есенсай ауылдық округі – Есенсай ауылы
Жамбыл ауылдық округі – Жамбыл ауылы
Жаңабұлақ ауылдық округі – Жаңабұлақ ауылы
Қабыршақты ауылдық округі – Қабыршақты ауылы
Мерген ауылдық округі – Мерген ауылы
Сарытоғай ауылдық округі – Жанама ауылы
Тайпақ ауылдық округі – Тайпақ ауылы
Чапаев ауылдық округі – Чапаев ауылы
↑ Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті. 01.07.2019
↑ Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі. Қазақстан Республикасы тұрғындарының облыстар, қалалар мен аудандар, жынысы мен жас ерекшелігі топтары, этностық бөлігі бойынша 2019 жылдың басындағы саны
↑ 2009 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы