Сынып: 7В
Пән: Қоғамдық ғылымдар негіздері
Юнит атауы: Мемлекеттік жүйелер
Жанама қызмет. Орта ғасырлардағы мемлекеттердің билеушілері, мемлекет басшыларының халықаралық деңгейдегі азаматтар болғандығын айқындайтын, ерекше тұлғалық қасиеттерін ашылатын комикстер немесе иллюстрация кітапшасын, шағын суретті түсіндірмені т. б құрастырады және оны аудиторияға таныстырады.
Тікелей қызмет. Комикс сюжетінде , шағын суретті түсіндірмеде қолданған сөздер, юнитте жиі кездесетін тарихи терминдер, кілтті сөздер мен сөз тіркестері енген қазақша–орысш сөздік ( шағын брошюра немесе буклет ) дайындау. Орыс тілді сыныптарда оқитын оқушыларға көмекші құрал ретінде ұсынылады.
"Жалпы, сервис юниттің мен үшін емес, қоғам үшін, шамалы болса да, әлем үшін қосар үлесі болу керек. Мен қызметті орындау басында қоғамға қызметімді БҰҰ-ның алдына қойған “Сапалы білім” тұрақты мақсатына бағыттадым. Қазақ тіліндегі тарихқа байланысты тұрақты тіркестердің, терминдердің мәтіндерде жиі қолданылатын, күрделі деген 30-40 сөздерді тізіп, аудармасын жасадық. Сонымен қатар, сөздерді ұғыну қызық әрі жеңіл өтуі үшін сол сөздерді қолданып тарихи комикс құрдық.
Бұл да, өте ауқымды іс болмаса да, қоғамға пайдасы болады деп үміттенемін. Алайда, мен үшін сабақта өткен білімімді, дағдыларымды шыңдап, дамыту үшін бұл қызмет пайдасы тигені сөзсіз."
Бұл сервис юнит мен үшін маңызды болды.Мен көптеген нәрсені үйрендім.Оқушы мақсатына да жеттім деп ойлаймын