Кіріспе:
Қазіргі кезде жаһандық мәселелер шешу маңызы күшеюде. Адамдардың күнделікті істері және сұраныстары көб зауыттар мен энергияны талап етеді.
Кең таралған және өте маңызды мәселелердің бірі ол жаһандық жылу. Жаһандық жылу әртүрлі факторлардың әсерінен бола алады. Бірақ біз өз жұмысысызда адамдардын тікелей әсерін қарастырамыз. Қазіргі кезде Қазақстан жаһандық жылынуға қарсы шаралар жүргізіп жатса да, халықтың көмегінсіз улкен нәтижелерге жете алмайды. Сол себептен, біз қоғамға қызмет ретінде қазіргі жастарды осы мәселенің себеп-салдарымен, проблеманы шешу үшін талаптармен таныстыру арқылы, оларды көмек беруге ынталандыру мақсатын жүзеге асырғымыз келеді.
Брошюра мақсаты оқырманға жаһандық жылу туралы ақпарат беру және шешімдері мен салдарымен таңыстыру. Сонымен қатар, бұл жоба арқылы біз қазіргі жастар қоғамының қамқорлық, ержүрек қасиеттерінің тұрақты дамуына әсер ете аламыз.
Бұл қызмет бізге қиын болды, әсіресе, брошюра дизайнындағы түстер гаммасын құруда. Ол үшін біз түстер психологиясын қарастырып, біздің тақырыбымызға сәйкес түстерді таңдауымыз қажет болды. Осылайша біз өзімізді ізденімпаз ретінде көрсетіп, критикалық ойлау дағдыларымызды жақсарта алдық. Онымен қоса, бұл біздің дизайн және психология саласына жақын дағдылармызды жақсарта алды. Бұл қызметтің орындалуына біздің география, биология және химия пәндерінен біліміміз, дедукция, индукция тәсілдері арқылы статистикамен жұмыс істеу алу көмектесті.
Пандемия салдарынан біз оны электронды түрде жіберетіндіктен, брошюраның форматы аудиторияға ыңғайсыз болды. Сол себептен, біз брошюраны постерге айналдырып форматын өзгерттік. Келесі жылы қызметімізді Инстаграм желісі арқылы жақсартуға болады. Бұл желіде тек жаһандық жылыну мәселелерін емес, басқа да жаһандық экология мәселелрін шешуге арналған посттар жазып отыруға болады.
Біздің қызметіміз НЗМ оқушыларына (аудиторияға) оң әсерін тигізді. Сауалнама нәтижелері бойынша, оқушылардың көб (90% астамы) келесі сұрақтарға позитивті жауап берді: “Осы брошюрадан сіз жаңа ақпарат таптыңыз ба?”, “Брошюрадағы ақпарат қаншалықты маңызды болды?”, “Осы брошюра сізді әрекет жасауға қанаттандырды ма?”.
Бұл жобадан бүкіл әлем үшін және әлем экологиясының жақсаруына пайда болады. Сонымен қатар, бұл жоба арқылы біз қазіргі жастар қоғамының қамқорлық, ержүрек қасиеттерінің тұрақты дамуына әсер ете алдық.