Оқушылар ХХ ғасыр басындағы Алаш қайраткерлерінің шығармашылығын зерттейді. Тарихи тұлғалардың түрлі тарихи кезеңдерде баспада жарық көрген өзекті ойларын тақырыптар бойынша классификациялап, іріктеу жүргізеді. Іріктеп алынған цитаталарды креативтілікпен түрлі форматта құрылымдайды.
1) Алаш қайраткерлерінің: білім, ғылым, мәдениет, тәрбие, туған жер, ерлік пен тарих және т.б. тақырыптарға қатысты цитаталар жазылған кітапқа арналған белгі баулар әзірлеу, оларды 7-сыныптарға ынталандыру мақсатында тарату.
2) Мектеп асханасы, кітапхана қабырғаларына Алаш қайраткерлерінің қанатты сөздерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында белгілі нақышпен орналастыру.