Мектептін тарихы

 

         Үшқұлын мектебінің тарихы  1968 жылдан басталады.  

   Осы уақыт ішінде мектепте сан қырлы шығарамашыл білімді, іскер басшылар  қызмет атқарды. Ең алғашқы директор – Байшалов Олжабай Сангожинович 1926 жылы 15- наурызда Баянауылда дүниеге келген. 1959 жылы Семей педагогикалық институтының химия – биология факультетін бітірді. 1962 жылы  Шөптікөл мектебінің директоры болды.  1964 жылы Майқайыңда сегіз жылдық мектеп-интернатында 20 жыл бойы директорлық қызмет атқарды. 1984 жылдан 1986 жылға дейін Үшқұлын мектебінің директоры болып істеді.  6 баланы тәрбиелеген үлгілі әке.  Ал 1986 жылы  зейнеткерлікке шықты. 

 Мұқанова Гүлзайра Мұқатайқызы 1945 жылы ақпан айының 1-і күні Майқайың кентінде дүниеге келген. Майқайың №1 қазақ мектебінен білім алып, осы мектептің түлегі болған. 1959 Павлодар педагогикалық институтына тарих және география факультетіне оқуға  түсіп, 1963 жылы оқуын аяқтады. Еңбек жолын Шөптікөл мектеп-интернатынан бастаған. 1963-1965 жылдарда Майқайың мектеп-интернатында қызмет атқарды. 1970- жылдан 1980 жылға дейін сегіз жылдық мектебінде мұғалім болып істеді. 1980-1986 жылдары Баянауылда райком партиясында қызмет атқарды. Райком партиясынан Үшқұлын мектебінің директоры болып тағайындалды. 

 1986-1995 жылдары  Үшқұлын мектебінің директоры қызметінде Омарова Рымкеш Бейсенбайқызы болды. 1945 жылы 14-желтоқсанда Баянауылда дүниеге келген. 10 жылдық мектепті аяқтағаннан кейін Қарағандының педагогикалық институтына қазақ тілі және қазақ әдебиеті факультетіне оқуға түсті. Бұл жерде ол ұстаз өзінің жарын кездестіріп, жолдасының жұмыс бабы бойынша оларды отбасымен Екібастұз қаласының         Қарасуқ ауылына жас маман ретінде  келіп, еңбек жолын сол ауылда бастаған. Бұл ұстаз бүгінгі күнге дейін ата-аналардың, ұстаздардың, оқушылардың, бұрынғы түлектердің есінде игі істерімен мәңгілік сақталған. Бұл ұстаз жоғары деңгейдегі, өз ісінің маманы, адамгершілігі мол, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, кез-келген адаммен тез тіл табыса алатын, білім саласына қосқан үлесі шексіз, мәдениетті жан. 

 1995-2005 жылғы директор Абсагиева Еркін Рымбайқызы. Павлодар педагогикаылқ институтының орыс тілі және әдебиет факультетін аяқтады. 1972 жылы еңбек жолын Бірлік ауылының мектебінен бастады. 3 жыл қатарынан сол мектепте мұғалімідік қызметін атқарып келіп, Майқайың мектеп- интернаты мен Майқайыңның сегіз жылдық мектебінде ұстаздық еңбегін жалғастырды. Бұл ұстаз өз пәнінің жоғары деңгейдегі маманы. Үшқұлын мектебінің директорлық қызметін атқара отырып, көптеген игі істер жасады.


Үшқұлын мектебінде қызмет еткен ардагер- мұғалімдер

  Хамитов Шамкен Хамитович 1982-1994 жылдар арасында қатардағы мұғалім және Үшқұлын мектебінің ардагер- ұстазы.  Математика  және физика пәндерінің мұғалімі, екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері , көп жыл бойы жасаған еңбегінің жемісінің арқасында құрметпен зейнеткерлікке шықты.

  Қалиева Айтжамал Төлеубайқызы 1946 жылы 8 қарашада дүниеге келген. 1954 жылы Павлодар қаласындағы Абай атындағы №10 мектепке 1- сыныпқа қабылданды. 1965 жылы мектеп  бітіріп, Павлодар педагогикалық институтының химия-биология факультетіне түсіп, 1973 жылы аяқтады. 1973 жылы Үшқұлын мектебінде еңбек жолын химия – биология  пәнінің мұғалімі ретінде бастады. Бұл адам көп жылдар бойы табанды еңбек етіп, оқушыларды білім нәрімен сусындатты. 3 бала тәрбиелеген ана. 2005 жылға дейін осы мектепте қызметін атқарды.

         Үшқұлын мектебі 2003 жылға дейін орысша мектеп болды. 2003 жылы қазақша бірінші  сынып ашылды. 2007 жылдан бастап мектеп толық қазақша білім беру ордасына айналды. 2005 жылдан бастап мектеп басшысы Бейсенбаева Жаннур Манашевна, 1980 жылы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Мектебіміз  заманауи талапқа сай 9 жылдық   қазақша білім беру ордасы. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары республикалық, облыстық, аудандық, олимпиадаларға, марафондарға, оқуларға қатысып, ғылыми жобалар жазып жүлделі орындарға ие болып келеді,  мектеп ішінде  шағын орталық  орналасқан.