Жұқашева Зағипа 1942 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 1959 жылы Жұқашев Сағынтаймен отбасын құрып, 8 бала тәрбиелеп, өсірген ана. Күміс, Алтын алқа иегері. 1997 жылы зейнеткерлікке шықты. 2015 жылы дүниеден озды.
Баймұхан Құндаз 1940 жылы Монғолия Халық Республикасында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақстанға қоныс аударды. Көп балалы ана. 2007 жылы Күміс алқа, 2011 жылы Алтын алқа иегері. Қазіргі таңда немере, шөбере көріп отырған қарт ана.
Авилхасам Сархад 1940 жылы Монғолия Халық Республикасында дүниеге келген. 1991 жылы Қазақстанға қоныс аударды. 2007 жылы Күміс алқа, 2011 жылы Алтын алқа иегері. Қазіргі таңда немере, шөбере көріп отырған қарт ана.
Боранбай Кабира 1942 жылы Монғолия Халық Республикасында дүниеге келген. Күміс, Алтын алқа иегері. Қазіргі таңда ауылымызда тұрып немере, шөбере көріп отыр.
Хажбай Медеш 1947 жылы Монғолия елінде дүниеге келген. Ташанбай Бораншымен 1964 жылы отбасын құрды. Сол елде 1991 жылға дейін кілем тоқитын фабрикада жұмыс істеді. 1991 жылы атақонысы Қазақстанға келді. Жеті баланың анасы, Күміс, Алтын алқа иегері. Қазіргі таңда Үшқұлын ауылында тұрады.
Шабалова Раиса 1950 жылы дүниеге келді. 1967 жылы Шабалов Толеубаймен отбасын құрып 8 бала тәрбиелеп өсірді. Күміс, Алтын алқа иегері. Қазіргі таңда ауылымзда тұрып немере, шөбере көріп отыр.
Бораншы Жанаргул 1970 жылы 15 қазан күні Монғолия елінде дүниеге келген. 2003 жылы отбасымен Қазақстанға қоныс аударып, қазіргі уақытта «Керегетас» руднигінде жұмыс істейді. Алты баланың анасы. 2010 жылдың 16 наурызында Күміс алқа төсбелгісін иеленді.
Дуримхант Арнагул 1981 жылы 17 ақпанда дүниеге келген. Алты баланың анасы. «Керегетас» руднигінде медбике қызметін атқарады. 2022 жылдың 6 қыркүйегінде Күміс алқа төсбелгісі табысталды.