Кітапхана 

Үшқұлын көпшілік кітапханасының негізі 1972 жылы құрылған, жеке ғимарат болмай мектепте орналасып  2003 жылы  жабылып қалған балабақша ғимаратына көшірілді. Алғашқы кітапханашылардың бірі Колокольникова Валентина Сергеевна, Арынова Бағила қазіргі таңда еңбек демалысында, кітап қоры 15 мыңнан асқан. 

Қазіргі таңда жартығасырлық тарихы бар ауыл кітапханасы рухани ошаққа айналып ауыл тұрғындарымен рухани, мәдени ағарту жолындағы жұмыстарын жалғастыруда, кітап қоры жыл сайын жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. Кітапхана – қазіргі  ақпараттар ғасырында кітапхана ақпараттық технология көмегімен кітапханалық үрдістерді дамыту, электронды деректер базасын жасақтау, анықтамалық және библиографиялық қызметте әлемдік ақпарат жинақтаушы Интернетті пайдалану  сияқты қызметтерді 2011 жылы бастады. Интернет жүйесіне қосылу, кітапхананың өз мәліметтер қорын жасап, ақпараттық  дәстүрлі емес тасымалдаушыларды ұсыну, күнделікті  жұмысты жаңа электрондық технологияны пайдалану  кітапхананың  ақпарат алу көкжиегін кеңейте түседі. 

Облысымыздың мәдени-тарихи мұрасын сақтау және дамыту орталығы ретінде жұмыс жасауда.                          

Үшқұлын ауылдық кітапханасы 1972 жылы ашылған. Кітапханашы Сағынтаева Гүлзайра Мұқатайқызы. Абонемен - 1, оқу орны - 4, кітап қорын сақтау - 1, кітапхана көлемі - 51,7. Кітапхананың материалдық – техникалық базасы дамытылған, компьютер - 1, телефон -1, интернет жүйесіне қосылған, Рабис, сандық форматқа көшіру бағдарламасымен жұмыс жүргізіледі. 2005 жылдан бастап  «Шаңырақ» клубы жұмыс  жасайды.